Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Вандалдар Баянауыл ұлттық паркіндегі көне қорымның тас-талқанын шығарған

Тарихи ескерткішті сақтап қалу үшін мамандар бірнеше жылдан бері жергілікті биліктен қорым аумағын қоршауды сұрап келеді. Әзірге оған құлақ асқан атқамінерлер жоқ. 

Вандалдар Баянауыл ұлттық паркіндегі көне қорымның тас-талқанын шығарған
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының полицейлері қола дәуірінің археологиялық ескерткішін бүлдірген бұзақыларды іздеп жатыр. Көне заманның көзіне баланған тастарға қаншалықты зақым келгенін енді ғалымдар анықтауы тиіс деп хабарлайды Paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Белгісіз біреулер Баянауыл ұлттық паркінің аумағында көне қорымның тас-талқанын шығарған.

Бұл қыраттағы ескерткіштер біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдыққа жатады. Қазба жұмысы кезінде археологтар Андронов мәдениетіне жататын әшекей бұйымдар мен ыдыс-аяқтарды тапқан еді. Тарихи ескерткішті сақтап қалу үшін мамандар бірнеше жылдан бері жергілікті биліктен қорым аумағын қоршауды сұрап келеді. Әзірге оған құлақ асқан атқамінерлер жоқ. 

“Аталған дерек Баянауыл ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Ауданның жедел тергеу тобы жергілікті атқарушы орған өкілдерімен бірге оқиға орнына барды. Мәселенің мән-жайы алдағы уақытта анықталады”, – деді Павлодар облыстық ПД баспасөз хатшысы Жанна Белялова.