Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Кешірім сұрап, видеоларын өшіруі тиіс: Жанболат Мамай мен Инга Иманбай сотта Бауыржан Байбектен жеңіліп қалды

Алматының Әуезов аудандық №2 соты Бауыржан Байбектің Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваға "ар-намыс пен беделге нұқсан келтіру" бойынша сотқа түсірген шағымын толық қанағаттандырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Кешірім сұрап, видеоларын өшіруі тиіс: Жанболат Мамай мен Инга Иманбай сотта Бауыржан Байбектен жеңіліп қалды

Сот Жанболат Мамайды шенеунік жайлы шығарған фильмді заң шешімі күшіне енгеннен бастап 10 күн көлемінде өшіруге міндеттеді. Судья Байбекті жемқорлық жасады деп айыптаған фильмдегі мәліметтер шындыққа жанаспайды деп тапты. 

«Жанболат Мамай мен Инга Иманбаева әлеуметтік желілерде берілген ақпараттың дәйектігін дәлелдей алмады. Өз ұстанымдарында олар тек әлеуметтік желілердегі және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жазбаларға сілтемелер берді. Сот таратылған барлық ақпарат негізсіз деген шешімге келді », - делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бауыржан Байбек әйгілі блогер Тәңірберген Бердоңғаровқа оған қарсы туындаған ақпараттық соғыс пен оппозиция белсендісі Жанболат Мамайдың айыптаулары туралы сұхббат берді.