Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Карантин: Шымкентте дүркіретіп той өткізгендер анықталды

Қызметкерлер мен даяршылардың қоғамдық орын ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетіп, келушілердің дене қызуы өлшенбейтіні анықталды.

Карантин: Шымкентте дүркіретіп той өткізгендер анықталды
фото: дереккөз

Шымкенттік полицейлер карантиндік шектеулерді бұзып, бесік той өткізіп жатқан дәмхананы анықтады деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрбан ата көшесі, №67/3 үйде орналасқан “Алишер” дәмханасы карантиндік шектеулерді бұзып, бесік той өткізіп жатқанын анықтады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына бағынбастан, ұйымдастырушы кешке 40 адамнан аса қонақ шақырған.

Қызметкерлер мен даяршылардың қоғамдық орын ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетіп, келушілердің дене қызуы өлшенбейтіні анықталды.

Бұл жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған дәмхана әкімшісі түсініктеме жазудан бас тартуына байланысты акт түзілді. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.