Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алакөлдің билеттері делдалдардың қолында ма? - МСМ түсініктеме берді

Ал Дастан Рысбеков, шамасы, олай ойламайды... 

Алакөлдің билеттері делдалдардың қолында ма? - МСМ түсініктеме берді
фото: tengrinews.kz

Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков делдалдардың кесірінен Алакөлге билет сатып алу мүмкін болмай отырғаны жөніндегі ақпаратқа түсініктеме берді деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін кейбір БАҚ жаз маусымы басталысымен Алакөлге билеттерді тек қолдан, онда да үш есе қымбат бағамен сатып алуға болатындығын жазған еді. Биыл көлге көлікпен де, пойызбен де жете аласыз, Шығыс Қазақстан облысындағы жақын әуежайлар жөндеуге жабық тұр. Ал туристер Алакөлге билеттер сатылымға шыға салысымен бірнеше сағатта жоғалып кетеді деп шағымданады. Барлық кінә, олардың ойынша, делдалдарда.

Ал Дастан Рысбеков, шамасы, олай ойламайды.

ИИДМ-дегі әріптестеріміз, сондай-ақ "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлағандай, соңғы екі жылда билеттерді сату жүйесіне дедалдардың билеттерді сатып алу мүмкіндігін жоққа шығаратын жаңа әдіс енгізілген. Жолаушының толық аты-жөні сол жерде толтырылады, егер біреу билетті басқа аты-жөнге ауыстырғысы келсе, онда ол автоматты түрде кезекке қойылып, оны кез келген адам сатып ала алады. Иә, делдалдар бар деген сыбыс бар, бірақ нақты оны ешкім көрсете алмайды. Негізінде, Алакөлге деген сұраныстың үлкен екендігін ескере отырып, біздің көптеген тұрғындар бұл билеттерді, тіпті түнде, таңғы 4-тен 6-ға дейін аңдып "ұстап алуға" мәжбүр дегендей, сондықтан оларды делдал немесе демалушы азаматтар екенін анықтау қиын, - деді ол.

 

Рысбеков егер нақты фактілер болса, уәкілетті органдарға жүгінуге кеңес берді.