Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті 11 маусымда түнде Досмұхамедұлы көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кеткен.
Нұр-Сұлтанда велосипед ұрлап жүрген ер адам ұсталды. Оның кезекті "тауарын" сатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлады Paryz.kz.
Полиция бөлімшесіне 56 жастағы ер адам хабарласып, велосипеді ұрланғанын айтқан. Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті 11 маусымда түнде Досмұхамедұлы көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кеткен. Ертесінде оны сатып жіберген. Дәл осы сәт видеоға түсіп қалыпты.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық, бірнеше рет жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Криминалды полиция күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Осы орайда Нұр-Сұлтан қалалық Полиция депаратменті қауіпсіздік шараларын сақтауға үндеді. Атап айтқанда: