Қалалық Патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтып берді.
Алматыда қызметтік көлігімен әйелді қағып өлтірген полицей кінәсін мойындады деп хабарлайды Paryz.kz.
Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі тәртіп сақшысынан жауап алу сәтінің видеосын жариялады.
Тағы оқи отырыңыз: Полицейский насмерть сбил человека в Алматы
Қалалық Патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтып берді.
"Сағат 6:45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда, алдымдағы автокөлік солға қарай бұрылмақ болып, мен ол автокөліктен қашып, жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жуу жаққа бұрылып кеттім. Сол кезде алдымда тұрған әйел адамды байқаусызда қағып кеттім", - деді ол.
Полицей кінәсін толық мойындап, марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтты.