Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркістан облысында әйел өзгенін жерін жалған құжатпен сатып жіберіпті

Осылайша, жәбірленушіге 400 мың теңге шығын келтірген.

Түркістан облысында әйел өзгенін жерін жалған құжатпен сатып жіберіпті
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында әйел жалған құжатпен өзгенің жерін сатып жіберген деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша, өзіне тиесілі жерін белгісіз әйел нотариусқа барып, сатуға жалған сенім хат алған. Содан соң құжат бойынша ол жерді өзінің жолдасына сатқан. Ал күйеуі болса өзге біреуге сатып жіберген.

Осылайша, жәбірленушіге 400 мың теңге шығын келтірген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Ордабасы АПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ұстап, ПБ-ға жеткізді. Жалған жасалған іс-құжаттарға сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда осы жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта.