Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шымкенттен шу шықты: базар сатушылары орынды жалға алу ақысын көтеруге қарсы

Саудагерлер онсыз да өз ақшамызға сатып алған орынға тағы ақы төлейміз. Одан бөлек салыққа бөлек шығындаламыз. Енді жалға алу құнын өсіреміз деуі негізсіз қанау дейді.

Шымкенттен шу шықты: базар сатушылары орынды жалға алу ақысын көтеруге қарсы
фото: ашық дереккөз

Бүгін Шымкенттегі киім-кешек сататын ірі базарлардың бірінде шу шықты.  Оған орынды жалға алу ақысының күрт көтерілетіні себеп болған. Пандемияның кезінде онсыз да сауда азайып, табыссыз қалдық деген кәсіпкерлер жолды бөгеп, базар басшылығына  наразылық танытты деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Кәсіпкерлер базардағы тұрған орындарының жалдау ақысын көтеруге үзілді-кесілді қарсы. Айтуларынша, бұған дейін 18 мың теңгеден төлеп жүрген бір орынға тағы 10 мың теңге қосылмақшы.  Тек осы саудамен күн көріп отырған сатушылардың шыдамы шегіне жетсе керек, сол маңдағы жолды бөгеп, басшылыққа наразылық танытты.

Саудагерлер онсыз да өз ақшамызға сатып алған орынға тағы ақы төлейміз. Одан бөлек салыққа бөлек шығындаламыз. Енді жалға алу құнын өсіреміз деуі негізсіз қанау дейді.

"23 шаршы метрге бізге аренда 28 мың деп жатыр. Біз 28 мыңын төлейміз, бірақ бұл базар олар да өкіметке сөйтіп төлесін, көрейін мен, сондай тарифпен", - дейді кәсіпкер Қалдыбай Сапарханов.

Сатушылар карантинге байланысты сауданың азайғаны онсыз да қиын болып тұрғанын айтады.  Бұл базардың алым салығы бітпейді деп күйінеді.

"Мұғалімдерге мысалы мемлекеттік қызметкерге отпускаға шығатын кезде 13 –ші айлық боп төленеді ғой, біз сондайды біз береміз ғой. Ол кімге берілетінін білмейміз бірақ. Базарға береміз. 13 –ый деген болады. –тура сол сумма? – тура сол сумманы, екі есе ғып. Бір айда екі рет аренда төлегенге есептеледі сонда", - дейді кәсіпкер Бекжан Шаметов.

Ал базар басшылары жалдау ақысын өсірудің себебін  шығынның көптігімен байланыстырды. Қымбатшылыққа орай қызметкерлердің жалақысын көтеру жайы да қарастырылған. Дегенмен сатушылардың қарсылығын ескерусіз қалдырмайтындарын жеткізді.

"Бағасына қатысты өз орнында қалды. Ол енді, жаңағы, қалай төлеп келген болсаңыздар, 4 жыл алдын төленген, белгіленген нәрсе, сол 4 жыл алдыңғымен қалды. Болдық. Әрі қарай технический мәселелердің бәрін осы жерде шешеміз", - дейді базар әкімшілігінің өкілі Талғат Айтбаев.

Базардағы саудагерлер жылдар бойы тамыздағы қосымша төлемнен де құтылатын секілді. Базар әкімшілігінің өкілі түсіру тобының алдында "ондай төлем жоқ" деп сендірді.