Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Аймағамбетов биыл шәкіртақы қаншаға өсетінін айтты

Министрдің айтуынша, 2025 жылы гранттар саны 75 мыңға көбейеді. 

Аймағамбетов биыл шәкіртақы қаншаға өсетінін айтты
фото: ашық дереккөз

Қыркүйектен бастап бакалавриат бойынша шәкіртақы 31 мың теңгеден асады, ал магистратура бойынша шәкіртақы 76 мың теңге болады деп хабарлайды Paryz.kz, orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл студенттердің шәкіртақсы өсетіні туралы мәлімдеді.

"Осы жылдың қыркүйегінен бастап бакалавриат бойынша стипендия мөлшері 31 мың теңгеден сәл асады, магистранттарда 15 процентке өседі, шамамен 76 мың теңге. Докторантура бойынша да осындай өзгерістер бар. Жалпы соңғы бір жарым жыл ішінде докторанттардың стипендиясы 82 процентке өсті. Бірақ соған қарамастан олар қыркүйектен бастап қазіргідей 150 мың теңге емес, 172 мың теңге алады деп жоспарлануда", – деді министр.

Шәкіртақы мөлшері 2025 жылға дейін қадам-қадаммен артады.

Министрдің айтуынша, 2025 жылы гранттар саны 75 мыңға көбейеді.