Итке қатігездік танытқандарға 120 айлық есептік көрсеткішке дейін 350 040 теңге айыппұл салынады.
Петропавлда екі адам итті өлтіріп, сойып тастаған деп хабарлайды Paryz.kz.
Адам шошырлық видео әлеуметтік желіде жарияланды.
"Бүгін 13.20-да еркек пен әйел көпқабатты үйдің терезесінің түбінде итті өлтіріп, сойып тастады", - дейді видео авторы.
Stan.kz-тің хабарлауынша, Петропавл қаласының Полиция басқармасы итке қатыгездік танытқандарды ұстаған.
"42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел адам ұсталды. Олардың әрекеттері видеоға түсірілген. Қылмыстық кодекстің 316-бабы (“Жануарларға қатыгездік” ) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады Петропавл қаласының Полиция басқармасы.
Итке қатігездік танытқандарға 120 айлық есептік көрсеткішке дейін 350 040 теңге айыппұл салынады. 120 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалады.