Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Тіпті күлкілі. Мамай мен Иманбаева ұсынған материалдар өз айыптауларын толықтай жоққа шығарып тұр – заңгер

Бүгін Бауыржан Байбектің ар-намысы мен іскерлік беделін қорғау туралы талап-арызы бойынша соттағы ресми өкілі Айжан Ташенова Facebook парақшасында Ж.Мамай мен И.Иманбаева және олардың өкілдері ұсынған пікірге талдау жариялапты.

Тіпті күлкілі. Мамай мен Иманбаева ұсынған материалдар өз айыптауларын толықтай жоққа шығарып тұр – заңгер
Фото: Facebook Айжан Ташенова

«Мамай ісін» егжей-тегжейлі зерттей отырып, келтірілген куәліктерінің бірде біреуі тағылған айыптауларға дәлелдеме бола алмайтынын жауапкершілікпен мәлімдеймін. Шынтуайтында, мұнда посттардан, БАҚ пен анонимді телеграм-арналардағы жарияланымдардан, сондай-ақ түсініксіз анықтамалар мен іске мүлдем қатысы жоқ құжаттардан тұратын қойыртпақ жөнінде сөз болып отыр. Заң мен заңи тәжірибе тұрғысынан алғанда, бұл – сот үшін ешқандай маңызы жоқ пайдасыз жалған дәлелдемелер» - дейді Ташенова.

Сондай-ақ заңгер Жанболат Мамайдың бейнеролигіндегі «Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдарын жеке басқаруға берді-мыс деп айыптауы және оны дәлелдеу үшін ұсынған құжаттары тек күлкі шақыратынын айтыпты.

А.Ташенова: «Жауапкерлер дәлел ретінде интернет-басылымдардағы вокзалдарды қалалық әкімдікке, яғни мемлекеттік меншікке беру және оларды әрі қарай реконструкциялау жоспарлары туралы 3 ақпараттық сілтеме келтіреді. Бұл сілтемелерде осы нысандарды жеке қолға беру туралы тіпті емеурін де жоқ. Ахуалдың тек күлкі шақыратынына назар аударғым келеді, мұнда Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның ұсынған материалдары өз айыптауларын өзі толықтай жоққа шығарып тұр.

Бұған қарсы біз әкімдіктің теміржол вокзалдарын ҚТЖ-дан Алматы Мемлекеттік активтер басқармасына, яғни мемлекетке сыйға тарту шартын жасау туралы қаулысын ұсындық».