Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Саламат Ахметов: Біздің холдинг пен Б.Байбектің арасында қаржылық немесе құрылтайшылық қарым-қатынас жоқ

Оның айтуынша, компания іскерлік беделін қорғау және келтірілген зиянды өтеткізу жөнінде сотқа арыз беру мүмкіндігін қарастырып жатқан көрінеді. Өйткені, аталған ролик жарияланғаннан кейін компанияға айтарлықтай материалдық шығын келген.

Саламат Ахметов: Біздің холдинг пен Б.Байбектің арасында қаржылық немесе құрылтайшылық қарым-қатынас жоқ
Фото: dalanews.kz

«Холдингтің басшысы ретінде жоғарыда аталған ролик біздің беделімізге ғана емес, қаржылық жағдайымызға да зиян келтіргенін мәлімдеймін», - деді С.Ахметов.

Оның сөзінше, «NAK» құрылыс компаниясының Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке еш қатысы жоқ.

«Мамайдың «NAK» компаниясы» Бауыржан Байбектің бизнес-империясы», «Ахметовтер компаниясында оның қойған адамы отыр» деген жалған мәлімдемелері толықтай ойдан шығарылған және оған ешқандай негізі жоқ. 

Біздің холдинг пен Бауыржан Байбектің және оның отбасы мүшелерінің арасында қандай-да бір қаржылық немесе құрылтайшылық қарым-қатынастың жоқ екендігін жауапкершілікпен мәлімдеймін. 

Жалғыз-ақ, тек сонау 2012 жылы менің әкем Қуат Ахметов пен Қыдырғали Байбек Нұр-Сұлтан қаласында осы аттас бизнес-орталықтарды басқару бойынша «Нұр Тау» және «Нұрлы Орда» ЖШС-ларын құрған болатын. Бұл – ешқандай мемлекет қаражатын тартпай жүзеге асырылған коммерциялық жобалар», - деді ол.

Айта кетейік, «NAK» құрылыс компаниясы 2006 жылы құрылған. Бүгінде компания 2 мыңдай адамды жұмыспен қамтып отыр.