Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ashyq-тан шыққан ақау: қарағандылық әйел жұмысына кіре алмай қалған

Болған жайтқа байланысты ДСМ өкілдері пікір білдірді.  

Ashyq-тан шыққан ақау: қарағандылық әйел жұмысына кіре алмай қалған

Қарағанды тұрғыны Бибігүл Батырбекова коронавирустан айығып, екі апта карантинде жатты. Содан кейін дәрігерлер оған жұмысқа шығуға рұқсат берген, алайда әйел адам фойеден ары өте алмай қалған. Себебі Ashyq қосымшасы "қызыл" статусты көрсетіп тұрған деп хабарлайды Paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бибігүл Батырбекованың сөзінше, оны жұмысқа кіргізбей қойғаннан кейін ауруханаға барып, ПТР-тест тапсырған. Нәтижесі теріс болған. Алайда одан кейін де қосымшадағы статус "жасыл" емес, "сары" болып тұрған.  

"Бір аптадан бері "сары" статус көрсетіп тұр. Мен ауруханаға, санэпидқызметке, облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарластым - маған мұндай статус қандай шарт бойынша берілетінін және ол қашан алынатынын ешкім түсіндіре алмады. Маған кез келген уақытта айыппұл салуы мүмкін. Егер мен шетелге бара жатсам не болар еді? Мені мүлде шығармай қоюшы ма еді? Яғни жолдама, билет күйіп кетер еді", - дейді қарағандылық тұрғын. 

Болған жайтқа байланысты ДСМ өкілдері пікір білдірді.  

"Вирус жұқтырған науқастардың көп болуына байланысты, деректерді енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде үй карантинінің күнін белгіледі, онда үй карантинінің аяқталу күні қате жазылған. Жіберілген қате веб-қосымшаға түзетулер енгізіліп, жойылды. Осындай деректерге жол бермеу мақсатында енгізілген деректердің дәл уақыты мен дұрыстығы мәселесі департаменттің ерекше бақылауына алынды", - деді Денсаулық сақтау министрлігінде.

Бибігүл Батырбекованың жағдайын Цифрлық даму қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қолға алып, кеткен қате түзетілгенін хабарлады. Қарағандылық тұрғынның статусы "көк" түске ауысқан.