"Сүйікті әншілері Элвис Пресли, Ирина Кайратовна, Молданазар. Осы ақпаратты ғана айта аламын..." - деп жауап береді.
Бұл жолғы "Астарлы ақиқат" бағдарламасы тележүргізуші Диан Төлепбереннің тікелей өзіне бағытталыпты. Телетілші жеке өмірі жайлы сөз қозғап, халықтың қызығушылық танытып жүрген сұрақтарына жауап берген деп хабарлайды Paryz.kz.
Динаның күйеуі туралы сұрағына тележүргізуші "Ол кісі Стив Джобстың ізбасары. Сүйікті әншілері Элвис Пресли, Ирина Кайратовна, Молданазар. Осы ақпаратты ғана айта аламын. Қазақстан Республикасының азаматы", - деп жауап береді.
"Күйеуіңіз олигарх па?", - деп сұрайды одан ары.
"Иә, олигарх. Әсіресе, оның ішкі жан-дүниесі бай. Әйелді құлпырту ерлердің қолында", - дейді Дина Төлепберген.