Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Инстаграмда интим ұсынатын қазақ қыздары көбейді

Әлеуметтік желіде жезөкшеліктің жаңа түрі пайда болды. Жеңіл жүрісті қыздар енді көшеде емес, инстаграмда интим қызметін ұсынатын болған. Бұл туралы  zakon.kz хабарлады.

Инстаграмда интим ұсынатын қазақ қыздары көбейді
Фото: zakon.kz

Жезөкшеліктің жаңа түрі пайда болғанын инстаграмда жеңіл жүрісті қыздардың жарнамасынан мезі болған қолданушылар айтып, дабыл қағуда.

"Маған "Сәлеметсіз бе, мен осындай осындай" деп бастайды. "Мен Алматы қаласынанмын", "Привет" деп бастайды. Кейін, "менің бағам 200 доллар бір күн болу" дейді. Біреуі 200 доллар ұсынады, біреуі 300 доллар ұсынады. Қаншалықты қыз әдемі болған сайын, өздерін қымбатқа қойып, сатады", - дейді парақшасында 226 мың оқырманы бар актер  Нұрдәулет Есболғанов.

Белгілі болғандай, инстаграмда әркімнің жазбасының астына пікір қалдырып, иитим-қызмет ұсынатын қыздардың саны көбейіп кеткен. Ал, мәтіндерінің сыйқы мынадай.

"Мен махаббат жасау үшін байыпты еркек дос іздеймін валентин түнін ұнататындар үшін менің инстаграмымды қараңыз".

Осы сарынды жазбалардан инстаграмда көз сүрінеді. Бір қызығы, барлық жарнама қазақ тілінде сауатты жазылған. Мұндай бойжеткендерді сөзге тарту мақсатында аккаунтына тіркеліп көрген едік, тілдесу мүмкін болмады. Көрсетілген сілтемелер арқылы өттік, құдды бір "әйелдер аралына" тап болғандаймыз. Сөйтсек, кәдімгі танысу сайты. Әр кірген адамды түрлі кейіптегі қыздардың суреттерімен азғыра түседі. Олармен сөйлесу тегін емес, әрине. Ақша төлеу қажет. Жәй картаны тіркеу мүмкін емес, тек интернеті бар банктік картаны қабылдайды. Осы тұста көңілге күдік ұялады. Яғни, алаяқтар болуы ғажап емес.