Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Мүмкіндігі шектеулі жан мемлекет есебінен берілуі тиіс арбасын ала алмай жүр

Солтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі жан мемлекет есебінен берілуі тиіс электр арбасын ала алмай жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мүмкіндігі шектеулі жан мемлекет есебінен берілуі тиіс арбасын ала алмай жүр
Фото: kaztag.kz

Мағжан Жұмабаев ауданында тұратын Владимир Коваленко тура бір жыл бұрын екі аяғынан айырылған. Содан бері күні әйеліне қарап отыр.

Владимир Коваленко осындай жағдайға душар боламын деп ешқашан да ойламаған. Отын жарып жүргенде аяғына ағаш құлап, башпайы көгеріп кеткен. 5 операция жасалды. Соңғысында осылай оянды. Тағдыр тәлкегіне түскен ол жұмыспен қамту бөлімінен арба берілді. Бірақ ол үйде жүруге ғана арналған. Осылай есік алдында серуендеуге жарамайды.

"Жиі құлап қала беремін. Үйде де, сыртта да құладым. Бұл маған арналмаған арба. Дене тепе-теңдігін ұстап тұру қиын. Аяғым болса тіреп тұратын еді. Қазір Светлана Коваленко күйеуінің күтіміне байланысты ешқайда шыға алмайды", - дейді  Владимир Коваленко, булаево қаласының тұрғыны.

Оның айтуынша, жұмыспен қамту орталығының мамандары өздігімен жүретін электр арбасын алып береміз деген. Бірақ уәде орындалмай келеді.

"Бірінші рет өткен жылдың қарашасында аласыздар деп уәде етті. Уақыты келгенде жоқ деп, осыны берді. Ақпан айында жұмыспен қамту орталығының мамандары тағы да хабарласып: «ақша аударылды, арбаны таңдауға келіп кетіңіз», деді. Міне, маусым болды. Әлі жоқ", - дейді Светлана Коваленко, Булаев қаласының тұрғыны.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары мүмкіндігі шектеулі жанның жағдайын жақсы біледі. Мағжан Жұмабаев ауданында өздігімен жүретін электр арбасы Владимир Коваленкодан бөлек тағы да бір адамға керек.

"Биылдан бастап тапсырыс беру әлеуметтік қызмет көрсету порталына ауысты. Онда әмбебап арбалар ғана бар. Ал, біз бұған дейін оған үйде жүретінін беріп қойған едік. Бұл сұрақ шешімін табады деп ойлаймын", - деп жауап берді Бақытжан Ысқақова, Мағжан Жұмабаев ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.