Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Кез келген сауатты заңгер үшін Байбектің жеңетіні айдан анық – саясаттанушы

Өздеріңізге белгілі, Бауыржан Байбектің Жанболат Мамай мен Инга Иманбайға қарсы берген талап-арызы бойынша сот отырыстары өтуде.

Кез келген сауатты заңгер үшін Байбектің жеңетіні айдан анық – саясаттанушы
Фото: Facebook Maigeldinov Kazbek

Елге белгілі, мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтер атқарған тұлға ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы қоғам белсендісін сотқа беруі Қазақстан тарихында алғаш рет болса керек деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл сот процесіне қоғам тарапынан да белгілі бір қызығушылық байқалып отыр. Саясаттанушылар, заңгерлер, блогерлер, одан қалса саяси белсенділер де пікірін білдіріп жатыр. Соның бірі - еліміздегі түрлі қоғамдық-саяси процестерге пікір білдіріп жүрген Қазбек Майгелдинов. Ол 4 маусымда өткен сот процесіне талдау жасапты.

"Менің ойымша белсенділер ақыл-ойға емес, өздеріне үйреншікті жолмен жүргісі келетін сияқты. Яғни, сотты саяси трибунаға айналдыру әрекеттері – заң тұрғысынан жеңіліске әкелуі әбден мүмкін" дейді Қазбек Майгелдинов Facebook парақшасында. 

Сонымен бірге жауапқа тартылушылар соттың тәртібіне бағынбай, керісінше бейәдеп әрекеттерімен екінші тараптың өкілі Айжан Тәшенованың жұмысын қиындатуға тырысып бағуда деп жазған Facebook парақшасында.

Сондай-ақ ол сот отырысында сөз алған жауапкерлердің дәлелдемелік базасы ақсап тұрғаны белгілі болды. Себебі олардың құжаттарында блогерлердің материалдарына, түрлі арналардан алынған мәліметтерге, талап-арыздың тақырыбына байланысы жоқ құжаттарға сілтемелер берілген дейді.

"Мамай демократиялық құндылықтардың, сөз бостандығы туралы керемет сөздердің артында жасырынып, ешқандай дәлел келтірмей, фактілерді бұрмалауды жалғастыруда. Оның мақсаты ақиқатты орнату емес, одан да көп хайп жасау.

Бірақ бұл оған ешқандай абырой әкеле қоймас. Кез келген сауатты заңгер үшін Байбектің жеңетіні айдан анық", - деп саясаттанушы өз жазбасын түйіндеген.

Қазбек Майгелдинов бұған дейін де аталған сот процесіне қатысты пікір білдірген болатын. Ол 20 мамырда Facebook парақшасында KZ.Media сайтындағы Иманбайдың сұхбатына сілтеме жасап, "Неге Инга Иманбай жеңілісін мойындап отыр?" деп жазба қалдырған.

Оның жазбасына сәйкес "Иманбай жұбайымен бірге бұл сот процесінен жеңілетінін түсінген. Мүмкіндікті пайдаланып, Иманбай тағы да қазақстандық соттарды сыбайластық жасайды деп айыптады, бірақ нақты осы істің егжей-тегжейін білетіндер оның бастапқыда жеңіліс табатынын айтқан.