Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматыда аяқ-қолы құрысып қалған акушер әйелге қатысты тергеу аяқталды

Оның сөзінше, видеодағы әйел перинатология және балалар кардиохирургия орталығында акушер болып қызмет етеді.

Алматыда аяқ-қолы құрысып қалған акушер әйелге қатысты тергеу аяқталды
фото: дереккөз

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев акушер әйелдің аяқ-қолының құрысып қалуының коронавирус вакцинасына қатысы бар-жоғы туралы айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

"Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында акушерка болып жұмыс істейтін қыздың жағдайына қатысты комиссия жұмысын аяқтады. Оның аяқ-қолының құрысып қалуының вакцинаға ешқандай қатысы жоқ болып шықты. Комиссия оның жағдайын өзін-өзі ұстай алмау, уайымға салыну деп бағалады. Деректердің толық қорытындысын күтеміз. Қазір ол ата-анасының бақылауында", — деп жауап берді Табынбаев.

Еске салайық, әлеуметтік желіде вакцина алғаннан кейін аяқ қолы тартылып, құрысып қалған әйелдің видеосы тарады. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев оқиғаның шынымен болғанын растады.

Оның сөзінше, видеодағы әйел перинатология және балалар кардиохирургия орталығында акушер болып қызмет етеді.