Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Балаева желідегі фейк парақшаларды жоятындарын айтты

Сондай-ақ ол қазақстандық жастардың 60%-дан астамы елдегі жаңалықтар мен оқиғалар туралы әлеуметтік желілер арқылы білетінін айтты. 

Балаева желідегі фейк парақшаларды жоятындарын айтты
фото: ашық дереккөз

Аида Балаева Ақпарат министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан жалған мәліметтерге қалай қарсы тұратынын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Өткен жаздың соңында Қазақстанда жалған мәліметтерді әшкерелейтін веб-сайт пайда болды. Ресурс көмегімен қазіргі уақытта 1300-ден астам фейкті билік жоққа шығарды.

Ол, сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі парақшаларды дербестендірудің маңыздылығын атап өтті, әсіресе, қазақстандықтардың сұраныстарына жедел және сауатты жауап бере алатын топ-менеджерлер туралы сөз болды.

"Бүгінгі күні көптеген ведомство мен олардың жоғарғы басшылары, тіпті Мемлекет басшысының әлеуметтік желілерде белгілі бір аудиториясы бар, белсенді парақшалары бар. Бұл азаматтардың жаңалықтарды өз бетінше ресми түрде білуіне және анонимді топтар мен басқа да күмәнді ақпарат көздеріне ермеуіне септігін тигізеді. Менің ойымша, бұл көшбасшылардың қарапайым халыққа қолжетімді болуы және өз үлгісімен жаңа саяси буынға сабақ беруі өте маңызды", – деді Балаева.

Сондай-ақ ол қазақстандық жастардың 60%-дан астамы елдегі жаңалықтар мен оқиғалар туралы әлеуметтік желілер арқылы білетінін айтты.