Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жақындап қалды

Елдегі қала тұрғындарының саны 11 миллион 221 мың 60 адам.  

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жақындап қалды
фото: ашық дереккөз

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 18 миллион 962 мың 892 адамға жетті, деп хабарлайды Paryz.kz, Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.  

Жыл басында бұл көрсеткіш 18 миллион 879 мың 552 адам болған. Халықтың өсімі 83 340 адамды құрап отыр.

Халық санынан аймақтар бойынша бірінші орында Алматы облысы тұр. Мұнда 2 миллион 86 мың 387 адам тұрады. Түркістан облысы тұрғындарының саны 2 миллион 52 мың 484 адамды құрайды. Алматыда 1 мамырдағы жағдай бойынша 1 миллион 993 мың 67 адам бар. Төртінші орында 1 миллион 376 мың 101 тұрғыны бар Қарағанды ​​облысы. Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 362 мың 583 тұрғын бар.

Төрт айда Нұр-Сұлтан тұрғындарының саны 14 мың 672 адамға артқан. 1 мамырдағы көрсеткішке сай елорда тұрғындарының жалпы саны 1 миллион 199 мың 83 адамды құраған.

Халық санының өсуі Алматы (+15 809 адам), Шымкент (+15 694) және Нұр-Сұлтан (+14 672) қалаларында байқалған. 

Солтүстік Қазақстан облысында қайтыс болғандар саны туғандар санынан 407 адамға артық. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының халқы 2021 жылдың төрт айында 1 536 адамға азайыпты.

Қостанай облысының халқы да 1374 адамға азайса, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының саны 1 214-ке кеміген.

Қазақстанның ауыл тұрғындарының саны 1 мамырдағы жағдай бойынша 7 миллион 741 мың 832 адамды құрады.

Елдегі қала тұрғындарының саны 11 миллион 221 мың 60 адам.