Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Баянауылда 1 млрд 51 млн теңгеге батырларға ескерткіш орнатпақшы

Ал аудан белсендісі Орал Сартаев бұл қаражатты әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсау керектігін айтады. Себебі елді мекенде әлі күнге дейін шешімін таппаған әлеуметтік маңызы бар тақырыптар жетіп артылады. Соның бірі – аудан орталығы Баянауылға кәріз жүйесін тарту. 

 

Баянауылда 1 млрд 51 млн теңгеге батырларға ескерткіш орнатпақшы
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысы Баянауыл ауданында салынатын аумағы үлкен саябаққа 1 миллиард 51 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл саябақта ескерткіштің салуына қарапайым халық наразылық білдірді деп хабарлайды Paryz.kz, "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Серуендейтін орынның ашылуын аудан халқы асыға күтеді. Тек сол саябаққа орналастырлады деген қазақтың Жасыбай мен Олжабай батырларының ескерткіші көпшіліктің қарсылығын тудырды. Өйткені тас мүсіндерге тым көп қаражат қарастырып отыр дейді. Оның орнына ауданда шешілмей жатқан өзекті мәселелерге ақша беріліп, жұмыс жасалса дейді.

Саябаққа Жасыбай мен Олжабай батырлардың ескерткіштері орнатылмақ. Себебі заманында жау жағадан алғанда жерін қорғаған Жасыбай батыр Баянауыл ауданының тумасы. Ал нағашысы Олжабай батыр Ақмола облысында дүниеге келген. Екеуі де Жасыбай көлінің жағасындағы ұрыстарда көзге түскен. Осыған байланысты Баянауыладағы демалыс орны Жасыбай батырдың атымен аталып кеткен.

Ал тұрғындар болса: “Ескерткіштің салынғандығы дұрыс, бірақ бұл қаражат тым көп”, – дейді.

“Қырауар ақша 1 миллиард 51 млн теңгені қазіргі жағдайда жұмсап қажет емес”, – деп есептейміз. Оның салатын жері де қолайсыз. Басқа жерге салуға болады. Ондай қыруар ақша жұмсамай, керемет ескерткіш орнатуға болады деп есептейміз”, – дейді Баянауыл ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеуғали Мусин. 

Ал аудан белсендісі Орал Сартаев бұл қаражатты әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсау керектігін айтады. Себебі елді мекенде әлі күнге дейін шешімін таппаған әлеуметтік маңызы бар тақырыптар жетіп артылады. Соның бірі – аудан орталығы Баянауылға кәріз жүйесін тарту.

“Баянауылға бүгінгі таңда ең бірінші керек нәрсе ол – кәріз жүйесі. Біздің жеріміз саз, балшық емес, тастақ. Оның бәрі көлге барады. Оны экологиялық тұрғыда дәлелдегенбіз. Көл ақырын-ақырын құрып келе жатыр. Бұлай болатын болса, 15-20 жылдан кейін көлге шомылуға болмайтындай жағдай болады”, – дейді Баянауыл аудандық фермерлер одағының төрағасы Орал Сартаев.

Ал аудан әкімі Қанат Кәрімов үшін ескерткішке 1 миллиард 51 миллион теңге көп емес екенін айтады. 

“Оның үстіне қарастырылып отырған соманың 560 миллион теңгесі демеушілер есебінен”, – дейді.

“Жобаның құны негізі жалпы 934 млн теңге. 600-ден астам ағаш отырғызу керек. 2,5 мың шаршы метр гүлзар, адамдар жүретін жолашықтар, 100-ден астам жарықтандыру орындары, балаларға, жастарға арналған алаңдары бар. Енді осындай екі мүсін. Сондықтан қымбат деп айтып жатқан адамдарға тым қымбат деп айта алмаймын”, – дейді Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов. 

Аудан әкімдігі бұдан бөлек Баянауылға кіреберістегі стэлланы алып, жаңасын қоюды да жоспарлапты. Ал жергілікті халық тарихи маңызы бар белгіні ауыстырудың қажеттігі жоқтығын айтады. Десе де, жоба сараптамадан өткізіліп, конкурс жарияланып қойыпты. Құрылысы келесі жылы аяқталады деп күтіліп отыр.