Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Aray Media Group» ЖШС директоры Мадина Әбішева Мамайдың мәлімдемесі туралы - мұндай былыққан адамға сенбеңіздер

Жуырда ғана Жанболат Мамай құрылтайшысы Байбек Айгүл Қыдырғалиқызы (Бауыржан Байбектің әпкесі) болып табылатын «Aray Media Group» ЖШС-ін Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен (ҰКҚМО) «Дос-Мұқасан» тобы туралы фильм шығаруға 2 жалған шарт жасады-мыс деп айыптады.

Ж.Мамай шарт талаптарының орындалмауына қарамастан, ҰКҚМО дәл сол бір фильмді шығаруға «Aray Media Group» компаниясымен жаңа шарт жасады деп мәлімдеді.

Мәселенің мән-жайын білу үшін «Aray Media Group» ЖШС-нің басшысы Мадина Әбішеваға хабарласқан едік.

 

«Aray Media Group» ЖШС директоры Мадина Әбішева Мамайдың мәлімдемесі туралы - мұндай былыққан адамға сенбеңіздер
Фото; https://365info.kz/

М.Әбішева: Ж.Мамайдың жазғанының бәрі шындыққа жанаспайды және бұл оның кино саласындағы сатып алу мәселелерінде дилетант екендігін көрсетеді. Ең алдымен, Aray Media Group осы салада көп жылдық тәжірибесі бар толық циклді ірі продакшн-компания екенін атап өткім келеді. Компания заманауи жабдықтармен жабдықталған, жұмысқа кәсіби мамандар жұмылдырылған.Нарықта 2014 жылдан бастап қызмет етеді (редакциядан: Б.Байбек Алматы әкімі болып 2015 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істей бастады).

Біздің портфолиомызда оннан астам көркем және деректі фильмдер, «Менің мектебім», «Арманға 20 қадам», «Ұлы дала ұлағаты» сериалдары және басқалары бар. 

Сонымен қатар, біз ресми дубляж жасау бойынша Disney және Sony Pictures аккредитациясын алған бүкіл Қазақстандағы жалғыз ғана студиямыз. Бүгінгі таңда студия ең жоғары әлемдік стандарттар бойынша 11 толықметражды блокбастерді синхронды дубляж жасады.

Нақты «Дос-Мұқасан» жобасына келер болсақ, 2020 жылы біз ҰКҚМО  ұйымдастырған киножобалар байқауына қатыстық. Оған «Дос-Мұқасан» жобасынұсынып, үлкен бәсекелестікте жеңіп шықтық. Комиссия барлығы 223 өтінімді қарады. Конкурстың қорытындылары тиісті құжаттармен, конкурстық комиссияның 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №3 хаттамасымен ресімделді. Бұл туралы ақпарат ашық көздерде бар.

Неге «Дос-Мұқасан»? Себебі олар – аты аңызға айналған әншілер. Олар біздің мәдениетіміздің бір бөлігі ретінде тұтас музыкалық дәуірді бейнелейді. Сондықтан олар туралы тарих – маңызды әлеуметтік жоба. Сонымен қатар, бұл біз үшін шығармашылық сынақ. Себебі бұған дейін Қазақстанда ешкім ірі музыкалық кино түсірген емес.

Бастапқыда смета 500 миллион теңгеге дайындалды. Бірақ шарт бойынша қорытынды сома төмендетіліп, қосымша құн салығын қосқанда шамамен 425 млн. болды. Шартқа сәйкес түсірілім екі жыл ішінде, яғни 2021 жылдың аяғында аяқталуы керек еді. 2020 жылға  түсірілімнің дайындық және бастапқы кезеңдері жоспарланған. Біз оларды өз қаражатымызға аяқтап, жыл соңына дейін 154,6 млн. теңге көлемінде төлем алдық. Келісімшарттың бұл бөлігі орындалды, біз оған толық есеп бердік.

2021 жылға сомасы 270 млн. теңгеге түсірілім кезеңі мен монтаждау жұмыстарын жалғастыру қарастырылған. Аяқтау мерзімі, жаңа алдында айтқанымдай, 2021 жылдың желтоқсаны. Яғни біз 5 ай, қаңтардан мамырға дейін өз қаражатымызды жұмсап,жұмыс істедік. Осылайша, бір келісімшартшеңберіндегі жұмыстар 2 қаржы жылына бөлінген. Сондықтан 2 келісімшарт жасады деген ақпарат ойдан шығарылған және тек алып-қашпа әңгіме ғана.

Жұрттың бәрі біледі. Мемлекет қызмет көрсетілгеннен кейін ғана қаржысын аударады. Яғни, жыл соңына дейін біз өз есебімізден жұмыс жүргіземіз, содан кейін тапсырыс беруші мұны тексереді, тек содан кейін ғана ақшасын аламыз.

«Дос-Мұқасан» жобасы – бұл шағын ғана ситком емес, толықметражды тарихи көркем фильм. 60-80 жылдардағы декорациялар, тиісті массовка, ашық жерлерде түсіруді және т.б. қажет етеді. Коронавирустық індетке байланысты шектеу шаралары қосымша қиындықтар туғызуда. Осыған қарамастан процесс кесте бойынша жүріп жатыр, жұмыстар мерзімінде аяқталады.

Өзіміздің өлшем бойынша тіпті шағын бюджетіне қарамастан біз бұл жобаны қолға алдық. Қазір іс жүзінде пайда жоқ. Егер біз шығындарымызды басқа компаниялар жүзеге асырып жатқан жобалардың бюджеттерімен салыстыратын болсақ, бұған оңай көз жеткізуге болады. Мысалы, «Спасение в степи» фильмі – 1 млрд.170 млн. теңге, «Время патриотов» фильмі – шамамен 1 млрд. теңге, «Боксер» фильмі – шамамен 900 млн. теңге, «Қажымұқан» фильмі – 750 млн. теңгеден астам. «Өмір», «На старте», «Тырналар» фильмдері орташа есеппен 450-460 млн. теңгені құрайды.

Біздің жоба сияқты тарихи кино, негізінен арзан болмайды. Мен «Алмас қылыш», «Жаужүрек мың бала», «Көшпенділер» және т.б. сол сияқты толықметражды картиналардың бюджетін мысал етпей-ақ қояйын. Оларға әлдеқайда көп ақша жұмсалған.

Сондықтан, Мамай мырзаның дәл бір жұмыс үшін қайта төлем жасау туралы айтқан сөздері барып тұрған өтірік және жала екенін тағы да қайталап айтамын. Бұл не киноиндустрияны мүлдем білмейтін дилетанттың пікірі, не Байбектің фамилиясымен байланысты барлық жайттер айналасында теріс қоғамдық пікір қалыптастыруға әдейі жасалған әрекет. Себебі ол қазір біздің құрылтайшымызАйгүл Қыдырғалиқызының ағасымен сәтсіз соттасып жатқанын бәрі біледі. Менің ойымша, Мамай тағы бір жала жауып,өтірік айтып қоғамды адастырғысы келеді. Оның жағымсыз атағын ескере отырып, мен бұған таңданбаймын. Журналистер мен блогерлерден осы бір былыққанадамның жалған мәлімдемелерін таратпауды сұраймын.