Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Сәбиге жылатып массаж жасаған әйелдің ВИДЕОСЫ жұрттың ашуына тиді

Видеодағы әйелдің кәсібилігіне Маңғыстау облыстық Полиция департаменті тексеру жүргізуде.

Сәбиге жылатып массаж жасаған әйелдің ВИДЕОСЫ жұрттың ашуына тиді
фото: видеодан скриншот

Кішкентай сәбиге қауіпті массаж жасаған әйелдің видеосы Маңғыстау облысы тұрғындарының ашуын тудырды. Бүгінде Бейнеу полициясы әйелдің кәсібилігіне тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлайды Paryz.kz, "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Видеодан медициналық халат жоқ және маска тақпаған әйел балаға массаж жасап жатқанын көруге болады. Массаж барысында сәбидің шыңғырып жылағаны естіледі. Әйел бар салмағымен баланың ішінен басып, оның аяқ-қолын созады. Сондай-ақ сәбиді мойнынан ұстап сілкиді.

Видеодағы әйелдің кәсібилігіне Маңғыстау облыстық Полиция департаменті тексеру жүргізген.

"Әйел жұмыс істейтін сұлулық салонына Бейнеу полициясының бастығы барды. Онда әйел мен баланың ата-анасы шақырылды. Полицияға арыз түспегені белгілі болды. Алайда әлеуметтік желілерді бақылау кезінде факт тіркеліп, істің барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр", - деді полициядан.