Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматы әкімдігі 26 млн теңгеге шетелдік блогерлерді шақырып отыр

Бағдарлама аясында шетелдік блогерлер Қазақстанның тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін жерлерді аралайды. 

Алматы әкімдігі 26 млн теңгеге шетелдік блогерлерді шақырып отыр
Фото: pexels.com

Алматыға 26 миллион теңгеге шетелдік блогерлер шақырылады. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды  Paryz.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Мақсат - қаланың халықаралық және ішкі нарықтардағы брендтерін әлемге таныту. Баспасөз-туры екі кезеңге бөлінген. Біреуі биыл 2/3 тоқсанда, екіншісі 3/4 тоқсанда өткізіледі. 

Әр кезеңде Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтен 20 блогер шақырылады. Бұл елдерді таңдау Алматыға тікелей рейстердің және жаңа саяхат орындарын іздейтін және төлем қабілеті бар аудиторияға байланысты.

Бағдарлама аясында шетелдік блогерлер Қазақстанның тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін жерлерді аралайды.

"Аталған сома туристік нысандарды аралауға, виза рәсімдеуге, тамақтану, медициналық көмек, бару-қайту эконом-класс әуе билеті, орыс және ағылшын тілдерінде гид-аудармашыға жұмсалады. Сондай-ақ блогерлер үшін қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша шеберлік сыныбы және ұлттық киімдегі фотосессиямен қолөнершілер шеберханасына бару ұйымдастырылады. Қазақстанға келген қонақтарға ұлттық кәдесыйлар ұсынылады. Баспасөз -туры Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып өткізіледі", - деп атап өтті басқармадағылар.