Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бірлік пен толеранттылықтың қазақстандық үлгісін қалыптастыруда Ассамблея ролі қандай?

Халықаралық қоғамдастықта Қазақстан елде тұратын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған тиімді ішкі саясатты жүргізе алатын және Қазақстанның біртұтас халқын - қазіргі заманғы, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсенді құрып жатқан халықты білдіретін ел ретінде танылды.

Бірлік пен толеранттылықтың қазақстандық үлгісін қалыптастыруда Ассамблея ролі қандай?
Дереккөз: newtimes.kz

Қоғамда этносаралық қатынастар өте нәзік әрі сезімтал сала болып табылатыны баршаға мәлім. Қазақстанда тәуелсіздік жылдары этностар мен түрлі халық өкілдері 30 жыл бойы татулық пен келісімнің, бейбітшілік пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Қуантарлығы, осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан өз тәуелсіздігінің басында елдегі қиын-қыстау кезеңде этностар арасындағы түрлі қиыншылықтарды еңсере алды.

Халықаралық қоғамдастықта Қазақстан елде тұратын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған тиімді ішкі саясатты жүргізе алатын және Қазақстанның біртұтас халқын - қазіргі заманғы, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсенді құрып жатқан халықты білдіретін ел ретінде танылды.

Бұл ретте еліміз өркениеттер диалогын кеңейтуге және тереңдетуге мүдделі, қазіргі заманғы әлемдік құрылыстың өзекті проблемалары бойынша Шығыс пен Батыс арасындағы түсіністікті жақындастыруға бағытталған халықаралық бастамалар жасауға әрқашан да қолдау көрсетіп, өзінің оған әрдайым даяр екенін көрсете білді.

Осылайша, республика тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында елде қоғамның рухани өмірімен, оның әлеуметтік көңіл-күйімен, ұлттық сана-сезімнің жандануымен байланысты өте күрделі процестер жүріп жатты. Дәл сол кезде, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында, біздің тарихымызда көп дүниені қайта пайымдай отырып, біздің басты құндылығымыз — халықтар достығын сақтау үшін — 1992 жылы Қазақстан халықтарының 1-ші форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы форумды тұрақты негізге көшіру қажеттілігі туралы идеяны білдірді. Ал 1995 жылдың 1 наурызында республиканың қоғамдық-саяси аренасында ұлттық саясат саласындағы жаңа институт пайда болды. Ол - Қазақстан халқы Ассамблеясы деп аталды.

Осы арқылы Қазақстан ТМД-ға қатысушы елдер арасында бірегей институт — Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған алғашқы ел болды. Бұл институт қызметі этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған көпэтникалық қоғамның қазақстандық моделінің қалыптасуы мен бекітілуіне көп жағынан ықпал етті. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан бері Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуда үлкен рөл атқарды.

2007 жылғы мамырда ҚР Парламенті биліктің барлық өкілді тармағының рөлін елеулі түрде өзгертетін бірқатар конституциялық түзетулерді қабылдады. Конституциялық реформаның маңызды жаңалықтарының бірі - Парламент Мәжілісіне депутаттар санын 107 адамға дейін арттыру, ал олардың арасында 9-ын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтындығы болды. Бұл қадам, сөзсіз, Ассамблеяның рөлін жоғары деңгейге көтерді. Бұдан басқа, депутаттар санын ұлғайту жолымен Ассамблея үшін арнайы орындарды енгізу Қазақстан аумағында тұратын неғұрлым ірі этностардың Парламентте өкілдік етуіне мүмкіндік берді.

Ал, 2008 жылғы 20 қазанда "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған мәртебесін, оны қалыптастыру және жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы - заңды тұлға құрмай, Қазақстан Республикасының Президенті құрған, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме болып табылады. Аталған Заңға сәйкес Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасындағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі таңда Ассамблея алдында төмендегідей негізгі міндеттер тұр:

  • этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, этносаралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық консенсусты қолдау және дамыту;
  • мемлекеттік органдарға қоғамда экстремизм мен радикализм көріністеріне және адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған ұмтылыстарға қарсы іс-қимыл жасауда жәрдем көрсету;
  • демократиялық нормаларға сүйенетін азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
  • Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
  • Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін жаңғырту, сақтау және дамыту.

Ал, Ассамблеяның қызметінің негізгі қағидаттарына мыналар жатады:

а) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;

б) халық пен мемлекет мүдделерінің басымдығы;

в) нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына қарамастан немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі;

г) Ассамблея мүшелерінің оның құрамындағы қызметі үшін тең құқылығы және дербес жауапкершілігі;

д) жариялылық.

         Сондай-ақ Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып өтсек:

  • мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;
  • қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу; мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
  • этносаралық саладағы өңірлік саясатты жетілдіру; демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін елде және шет елдерде насихаттау;
  • этносаралық келісімге қол жеткізуге бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру;
  • этносаралық қатынастардың, оның ішінде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласындағы жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру;
  • мемлекеттік ұлттық саясат мәселелері бойынша заң жобаларының қоғамдық-саяси сараптамасына қатысу;
  • шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланысын нығайту мәселелерінде қолдау көрсету;
  • этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, жанжалды жағдайларға жол бермеу және оларды шешуге қатысу бойынша ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру; этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету;
  • этносаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарлар, конференциялар өткізу, өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;
  • этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл;
  • Қазақстанның басқа этностарының тарихи Отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;
  • этносаралық келісімге жәрдемдесетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызмет.

Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі тыныштық пен татулықты одан ары нығайтуда өзінің теңдессіз ықпалын алдағы жылдары да атқара беретініне зор сенім артамыз.