Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ассамблея елдегі тілдік саясатты дамытуда қандай роль атқарады?

Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында Қазақстанның барлық өңірлерінде мемлекеттік тілді оқыту курстары жұмыс істейтінін атап өту қажет.

Ассамблея елдегі тілдік саясатты дамытуда қандай роль атқарады?
Дереккөз: newtimes.kz

Қазақстанда латын графикасына кезең-кезеңмен көшу үрдісі бүгінгі күні жалғасып келеді. Бұл бағыттағы табанды жұмыстар 2017 жылы басталып, халық арасында талқыланатын өзекті тақырыптардың біріне айналғаны баршаға мәлім. Осы бағыттағы жұмысты Қазақстан халқы Ассамблеясы да жүргізіп келеді.

Жалпы, латын қарпіне көшу қазақ тілін дамыту мен жаңғыртуда маңызды қажеттілік болып табылады. Бұдан екі жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа әліпбиді еліміздің беделді ғалымдары, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен жетілдіруді тапсырған болатын.

Осы уақыт ішінде латын қарпіне көшудің 40-тан астам нұсқасы әзірленді. Жаңа нұсқасы ағымдағы жылдың басында ұсынылды. Осы орайда, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шавкат Исмаилов елдегі тұрақтылық пен татулықты, бірлік пен ынтымақты сақтауда қазақ тілінің орны ерекше екенін атап өтті.

«Тіл тірі организм ретінде әрдайым дамып келе жатқанын түсіну керек. Сондықтан, біз латын алфавитін дайындағанда көптеген нұсқаларды қарастырдық. Әрине, кез-келген жағдайда, латын қарпі туралы даулы мәселелердің орын алғаны жасырын емес, дегенмен бірізді келісіммен қайта түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Жаңа латын қарпінің кестесіне көшуде біздің еліміздегі беделді ғалымдар бірқатар шетелдік мемлекеттердің тәжірибелерін ескергенін атап өткен жөн. Ал мемлекеттік тіл азаматтық бірегейлікті қалыптастыру элементтерінің бірі болып табылады және оны тұрақты дамытып отыру қажет»,-дейді Шавкат Исмаилов.

Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында Қазақстанның барлық өңірлерінде мемлекеттік тілді оқыту курстары жұмыс істейтінін атап өту қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өткен жылы қазақ тілінің мәртебесін нығайтуды тапсырды.

Президент өз баяндамасында: «Тіл мәселесі үлкен саяси маңызға ие және оны дұрыс қолданбаған жағдайда ел азаматтарының мемлекеттілігі мен қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарға әкелуі мүмкін. Біз бұған Украинаның мысалында көз жеткіздік. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оны қолдану аясын күштеп кеңейту мақсатындағы маңдай алды шабуыл оның дамуына кері әсер етеді, ал ол өз кезегінде ұлтаралық қатынастардың тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкін", - дейді мемлекет басшысы.

Шавкат Исмаиловтың айтуынша, қазақ тілі қоғамды топтастыруда және азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ал қазақ тілін толыққанды білу көп жағдайда басқа этностық топтардың өкілдері үшін жақсы әлеуметтік лифт бола алады. «Мен өзім қазақ, қырғыз, орыс және ағылшын тілдерін білемін. Зерттеулермен айналыса бастағанда және шетелдік дереккөздерден ақпарат тапқың келсе, дәл осы қазақстандық ғалымдардың мақалалары мен жарияланымдарының, жалпы Қазақстан туралы ақпараттың өте аз болуымен бетпе-бет келіп жатамын. Мысалы ретінде, 1994 жылы ағылшын тілінде «Культурграмм» деп аталатын шағын кітапшам шықты. Ол қазақстандықтар арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Онда мен Қазақстан туралы, мәдениетімізді тану негіздері туралы жаздым. Қазір бұл бағытта көп жұмыстар атқарылуда. Латын қарпіне көшу біздің әлемдік мәдениетке, ғылыми деректерге және публицистикаға қол жеткізуімізді жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ шетелдік азаматтардың Қазақстан жайлы дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Шавкат Исмаилов.

Айта кетерлігі зерттеуші сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің де мүшесі болып табылады.  Шавкат Исмаилов осы Кеңес аясында "Шексіз білім! Билим алуунун шеги Джок! Шексіз білім!» атты жобаны қолға алған.

Жалпы Ассамблея жанынан құрылған кеңес 2009 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIV сессиясында берген тапсырмасы бойынша құрылған болатын. Оның құрамында бүгінде 54 ғалым-саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, психологтар, лингвистер, заңгерлер, техникалық ғылымдар саласындағы сарапшылар, сондай-ақ зерттеу институттарының басшылары және белгілі қоғам қайраткерлері бар.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық Кеңесі жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы болып табылады. Тек 2019 жылы мемлекет басшысының жолдауы мен Елбасының бағдарламалық мақаласы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2019 жылғы қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері заманауи қазақстандық қоғам дамуының өзекті мәселелерін зерттеуге арналған отандық, шетелдік ғылыми журналдарда, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында 73 ғылыми-зерттеу мақалаларын жариялады.

Сол жылы Ғылыми-сараптамалық кеңес мүшелері қазіргі заманның өзекті әлеуметтік-саяси мәселелері бойынша 24 монография мен ұжымдық жұмыстар дайындап шығарды.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық Кеңес мүшелері 100-ден астам отандық және халықаралық ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, пікірталас алаңдарына және басқа да іс-шараларға, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы теориялық әзірлемелер мен практикалық тәжірибе алмасуға қатысты. Солардың ішінде:

  • XII Астана экономикалық форумы;
  • Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) елдерінің ұлттық-мәдени орталықтарының форумы "АӨСШК кеңістігіндегі азаматтық қоғам: жағдайы және даму перспективалары»;
  • Қазақстандағы жастар жылына және ТМД-дағы кітаптар жылына арналған "көпмәдениетті әлемдегі балалар мен кітаптар" халықаралық конгресі (3-4 қазан 2019, Алматы қ.) және т. б. маңызды іс-шаралар да бар.

Кеңес мүшелері сондай-ақ тұрақты негізде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы және т.б. маңызды бастамалар мен шараларды ғылыми – сараптамалық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері келесі жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде:

1. "Н.Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту контекстіндегі жалпыұлттық келісім мен бірліктің қазақстандық моделі" (жоба жетекшісі Башмаков А. А.);

2. "Алаш идеясы" және "Мәңгілік Ел" құндылығы "Туған жер" бағдарламасы және қоғамдық сананы жаңғырту контекстінде: тарихи тәжірибе, сабақтастық және перспективалар" (жоба жетекшісі Сыздықов С. М.)