Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Қазцинк" жұмысшылары ереуілге шығамыз деп қорқытқан ба?..

Атап өтелік, Жайрем кен орнында сонымен аттас тау-кен байыту комбинаты бар, ол "Қазцинк" құрамына кіреді. 

"Қазцинк" жұмысшылары ереуілге шығамыз деп қорқытқан ба?..
kt.kz

Жайрем кен орнындағы «Қазцинк» жұмысшылары ереуілге шығамыз деп қорқытқан, деп хабарлады Paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

"Біздің жергіліктілер (жұмысшылар) айлықтарын көтеру талабын қойып, ереуілге шығатындарын айтты", - дейді бейсенбі күні әлеуметтік желіде тараған видеода кадр сыртындағы дауыс.

Қаражал әкімдігі агенттік тілшісіне болған жайттан хабардар екендерін, алайда ереуілге шығу дерегінің болмағанын айтты.

"Сондай бір ереуіл болған жоқ. Зауыт жұмысшылары жұмысқа шығудан бас тартты, олар өз талаптарын қойып отыр. Сол мәселені талқылау үшін бүгін "Қазцинк" ЖШС басшылығымен кездесу өтеді", - деп мәлімдеді әкімдікте.

Атап өтелік, Жайрем кен орнында сонымен аттас тау-кен байыту комбинаты бар, ол "Қазцинк" құрамына кіреді.