Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"63 жасқа толғаны ескерілді": Ислам Әбішев бостандыққа шықты

Оның сөзінше, шартты түрде бостандыққа шығуға Әбішевтің 63 жастан асқандығы да әсер еткен. 

"63 жасқа толғаны ескерілді": Ислам Әбішев бостандыққа шықты
фото: ашық дереккөз

"Пара алды" деген айыппен бес жылға сотталған Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішев бір жарым жылдан кейін шартты түрде бостандыққа шықты, деп хабарлайды Paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап. . 

Бұл ақпаратты Әбішевтің қорғаушысы Ерлан Макенов растаған. 

“Бүгін аппеляциялық санкция Байқоңыр сотының қаулысының күшін жойды. Ислам Әбішовтың өтінішін қанағаттандырды. Ол шартты түрде босатылды. Бір жыл алты ай бойы, айына екі рет құзырлы органдарға барып белгіленіп отыратын болады”, – дейді Макенов.

Сонымен қатар, қорғаушы Ислам Әбішевтің заңды түрде босатылғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, шартты түрде бостандыққа шығуға Әбішевтің 63 жастан асқандығы да әсер еткен. 

“2020 жылы 29 желтоқсанда шыққан заңның 72-бабына шартты түрде бостандық беруді алып тастау туралы бөлік қосылды. Қазіргі таңда бізде бұл тақырыпқа қатысты талас-тартыс болып жатыр. Алайда бұл баптың 8 тармағы бойынша ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған 63 жастан асқан азаматтарды шартты түрде жазадан босату қарастырылған. Сот Ислам Әбішевтің жасы 65-те екенін назарға ала отырып, өтінішімізді қанағаттандырды”, – дейді Макенов.