Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Қазақстанда заңсыз қоқыс орындары көбейген

Сонымен қатар олар тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеп, барлық білім беру деңгейінде арнайы экологиялық пән енгізу қажет деп есептейді.

Қазақстанда заңсыз қоқыс орындары көбейген
фото: ашық дереккөз

Сенат депутаттары ауа тазалығына арналған арнайы заң әзірлеуді және мектептер мен университеттерде экология туралы пән енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Сенатор Әбдәлі Нұралиевтің айтуынша, Қазақстанда атмосфералық ауа сапасын мониторингілеу нәтижесінде мегаполистер мен ірі қалаларда ластанудың шектен тыс көрсеткіші тіркелгені анықталды.

Атап айтқанда, Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған мен Шымкент қалалары ластанудың өте жоғары деңгейінде.

Депутат тұрмыстық қалдықтар жиналатын полигондар санитарлық, экологиялық талаптарға мүлде сай келмейтінін мәлімдеді.

"Жыл сайын Қазақстанда 4,5 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдықтар, шамамен 31,6 миллиард тонна өнеркәсіптік қалдықтар түзіледі. Қазіргі уақытта елдегі 3 мыңнан астам полигонда 125 миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған. Полигондардың 82 пайызы – экологиялық және санитарлық нормаларға сай емес. "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының ғарыштық мониторингі елімізде заңсыз қоқыс орындарының көбейгенін анықтады. Оларды жою мәселесі бүгінгі күні толыққанды жүзеге асырылмаған", - деді Нұралиев үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында.

Ол ластағыш заттардың атмосфераға түсуі, қоршаған ортаның зиянды заттар мен техногенді қалдықтармен ластануы қоғамның наразын аударған басты проблемалардың біріне айналғанын атап өтті. Бұл тұрғыда қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптатыру, халыққа экологиялық білім және тәрбие беру кезек күттірмес мәселе деп санайды депутат.

Осыған байланысты сенаторлар ауа тазалығына арналған арнайы заң жобасы әзірлеуді, жеңіл және жүк көліктері жүргізушілерінің жанармайдың сапалы түрлеріне қол жеткізуін жақсартуды, көлік иелерінің сұйытылған көмірсутекті газдарға көшуін ынталандыру үшін барлық шараны қабылдауды ұсынды.

Сонымен қатар олар тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеп, барлық білім беру деңгейінде арнайы экологиялық пән енгізу қажет деп есептейді.