Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақылы жолға қарсы маңғыстаулық жүргізушілер тағы да наразылыққа шықты

Ақылы жолға қарсы митингтер Қазақстанның әр аймақтарында өтіп жатыр. Бұған дейін Атырау мен Шымкенттің жүргізушілері наразылық акцияларына шыққан болатын.

Ақылы жолға қарсы маңғыстаулық жүргізушілер тағы да наразылыққа шықты
фото: дереккөз

Маңғыстау облысында жүргізушілері үшінші рет ақылы жолдарға қарсы наразылық акциясына шықты деп хабарлайды Paryz.kz, "Ақтау-Лада" газетіне сілтеме жасап.

Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне жеңіл көлік иелері де қосылды. Олар Ақтау қаласының маңындағы тас жолды жауып тастаған.

"Бүкіл Қазақстан ақылы жолдарға қарсы. Біз де олармен біргеміз, сондықтан наразылығымызды білдіру үшін жиналдық", - дейді жүргізушілер.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы маусымнан бастап жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 18 жол ақылы жолға айналады.

Ақылы жолға қарсы митингтер Қазақстанның әр аймақтарында өтіп жатыр. Бұған дейін Атырау мен Шымкенттің жүргізушілері наразылық акцияларына шыққан болатын.