Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Петропавлда зауыт жұмыскерлері жұмыстан жаппай кетіп жатыр

Облыстық Еңбек инспекциясының мамандары зауытта тексеріс жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Ал әлеуметтік желілерде нысанның саудаға шығарылғандығы жайында ақпарат тарады.

Петропавлда зауыт жұмыскерлері жұмыстан жаппай кетіп жатыр
Фото: Shutterstock.com

Жыл басынан бері Петропавл ауыр машина жасау зауытының 200 қызметкері жұмыстан кеткен. Кәсіпорын басшылығы ақпан айынан бері жалақы төлемепті, деп хабарлайды Paryz.kz, azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Мұнай-газ өндіру саласына арналған қондырғылар шығарумен айналысатын кәсіпорынның жалақы бойынша қарызы 100 млн теңгеден асып кеткен. Амалы құрыған азаматтар құзырлы органдарға шағымданған. Тексеріс жұмыстары басталды. 

«Жүргізілген тексерулер бойынша жұмыс берушіге 100 АЕК көліменде  айыппұл салынды. Кәсіпорын басшылығына заң бұзушылықтарды түзетуге 10 маусымға дейін уақыт берілді. Бүгінгі күні зауыт қаржылық қиыпдықтарды басынан өткеруде», - дейді  СҚО Еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Азат Көшербаев.

2018 жылы республика қазынасынан 4,4 млрд теңге бөлініп, зауытты қайта жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Германиядан әкелінген қондырғыларды әлі күнге дейін шаң басып тұр. Оны іске қосу үшін шетелден мамандар келуі тиіс. Зауыт басшылығының айтуынша, пандемияға байланысты әзірге бұл мүмкін болмай отыр. Қызметкерлердің айтуынша, зауыт тарихында мұндай мүшкіл жағдайды басынан кешірген емес.

«Адамдар жұмыстан кетіп жатыр. Жыл басында ғана ұжымда 700-дей қызметкер болған. Қазір шамамен  200 адам қалды. Зауытта ешқандай жұмыс жоқ, ештеңе шығарылып жатқан жоқ. Таңертең келіп, кешке үйге қайтамыз. Зейнет жасына жақындағандар ғана қалды, жастар кетті. Менің де зейнетке шығуыма 1 жыл ғана қалды. СОңғы кездері жалақы көрмейтін болдық. Зейнет демалысына шығатын күнді күтіп қана жүрміз», - дейді дәнекерлеуші Григорий Ерков. 

Облыстық Еңбек инспекциясының мамандары зауытта тексеріс жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Ал әлеуметтік желілерде нысанның саудаға шығарылғандығы жайында ақпарат тарады.