Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ұшақ апаты: министр тергеу неге ұзаққа созылғанын айтты

Сонымен қатар министр халықаралық тәжірибеге сәйкес, әділ және объективті тексеру мақсатында ведомство өкідері «құзыретті органдар қорытынды бергенге дейін апатты тергеу барысына түсінік беруге құқығы жоқ» екенін атап өтті.

Ұшақ апаты: министр тергеу неге ұзаққа созылғанын айтты
фото: ашық дереккөз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматыда 2019 жылы болған Bek Air ұшағы апатын тергеу жұмыстары неге ұзаққа созылғанын айтты, деп хабарлады Paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Жақын арада біз Алматыдағы Bek Air әуе компаниясымен болған әуе апатын тергеу бойынша қорытынды аламыз. Өкінішке қарай, бұл қайғылы оқиға авиакомпанияның қауіпсіздік стандарттарын сақтауда ережелерді елеулі бұзғанын көрсетті. Тергеу пандемия кезіндегі шектеулерге байланысты ұзаққа созылды. Халықаралық сарапшылар жұмыс істеу үшін Қазақстанға дер кезінде келе алмады», - деді Атамқұлов есеп беру кездесуінде.  

Сонымен қатар министр халықаралық тәжірибеге сәйкес, әділ және объективті тексеру мақсатында ведомство өкідері «құзыретті органдар қорытынды бергенге дейін апатты тергеу барысына түсінік беруге құқығы жоқ» екенін атап өтті.

Бұған дейін 12 мамырда Талғар аудандық сотында риэлтор мен жергілікті экс-шенеуніктерге Алматы әуежайының маңындағы жер учаскелерін заңсыз сатқаны үшін үкім шығарылған болатын.

Еске салайық, ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында болды. Bek Air әуе компаниясының ұшағы Алматы әуежайының маңында апатқа ұшырады. Бортта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған, 15 адам қаза тапты.