Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Шымкенттік тұрғын жабайы аю сатып жатыр

Интернеттегі бұл саудаға қатысты Жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тексеру жүргізген. Қожайында расымен де аюды сату-сатып алу келісімшарты бар болып шықты.

Шымкенттік тұрғын жабайы аю сатып жатыр
фото: видеодан скриншот

Шымкенттік цирк әртісі жабайы аюды сатылымға шығарды, деп хабарлайды paryz.kz, "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Аңды 2000 АҚШ долларына бағалап отырған көрінеді. Жыртқыштың иесі циркте өнер көрсетпейтін болғандықтан, аңды сатуға бел буған.

“Аю жеке өзімдікі. Бес жаста. Бұрын Ресейден алдырып, циркте біраз өнер көрсетті. Кейін онда жыртқыштар шығарылмайтындықтан, үйде ұстауға тура келді”, – деп түсіндір аюдың иесі. 

Интернеттегі бұл саудаға қатысты Жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тексеру жүргізген. Қожайында расымен де аюды сату-сатып алу келісімшарты бар болып шықты. Бірақ оны қолда ұстап, асырауға рұқсат беретін құжаты жоқ дейді мамандар.

Осыған байланысты аю иесі әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Тиісті рұқсат қағаздарының түгел болмауына байланысты әзірге аю уақытша Шымкент циркінде. Ал жыртқышты бұрынғысынша иесі өз есебінен қоректендіреді. Құжатын түгендеп болған соң, сатуына рұқсат етіледі дейді мамандар.

“Ол аю жеке меншік иесінде. Олар әртістер Шымкент циркте қызмет жасайды. Мемлекет тарапынан Шымкент цирк тарапынан қаржы бөлінбейді, бөлінбеген де. Қазір мына пандемияға байланысты аңдарсыз қойылым болған соң, тиімсіз деп санап, сатып жатыр қазір”, – дейді "Шымкент цирк" ММ жарнама бөлімінің меңгерушісі Сұлтанхан Аманов.