Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Дағдарысқа қарсы бөлінген қаражатты кімдер "жеп" қойды?..

Министрлік мәліметі бойынша, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген 700 миллиард теңгеге жуық соманы пайдалануға қатысты тексеріс жүргізген.

Дағдарысқа қарсы бөлінген қаражатты кімдер "жеп" қойды?..
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жұмсалуын аудиторлық тексеруден кейін бес қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы paryz.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Министрлік мәліметі бойынша, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген 700 миллиард теңгеге жуық соманы пайдалануға қатысты тексеріс жүргізген.

"Аудиторлық шаралар қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 10,5 миллиард теңгеден аса сомаға 28 материал берілді, оның ішінде бес материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, қалған материалдар қарау және тергеу сатысында", - делінген хабарламада. \

Еске сала кетсек, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов 60 миллиард теңгеден аса соманы пайдалану бойынша заң бұзу дерегі анықталғаны туралы айтқан еді.