Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Атырау облысының әкімдігі Туды теріс іліп қойған (ВИДЕО)

Қалалық әкімдік өкілдері теріс ілінген туды тек 10-15 метр биіктікке көтерген соң ғана байқаған көрінеді.

Атырау облысының әкімдігі Туды теріс іліп қойған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Атырауда облыстың бас тутұғырына жалауды теріс іліп қойыпты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып, қызу талқыға түсті, деп хабарлады paryz.kz.

Қалалық әкімдік теріс ілінген туды тек 10-15 метр биіктікке көтерген соң ғана байқаған көрінеді.

"Туды ілу кезінде оның жоғарғы жағын анықтау бойынша қиындық туды. Сенбі күні сағат 19.00 шамасы туды 10-15 метр биікке көтергенде теріс екені байқалды. Туды түсіріп қайта ілді. Бұл бірнеше минутқа созылды. Желіде тараған видеода тудың енді ілініп жатқаны көрініп тұр", - деп мәлімдеді шенеуніктер.