Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Оралда жолаушылар тасымалымен шұғылданатын мекемелерге 1,2 млрд субсидия бөлінді

Оралда жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көлік мекемелеріне 1 млрд теңгеден астам субсидия бөлінбек. Бұл туралы қаланың ТКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің өкілдері мәлімдеді. Құзырлы ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл сома былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп екен.

Оралда жолаушылар тасымалымен шұғылданатын мекемелерге 1,2 млрд субсидия бөлінді
Фото: https://www.uralskweek.kz/

Жалпы автокөлік мекемелеріне субсидия 2017 жылдан бастап беріле бастаған көрінеді. Бұл жылы бөлінген субсидия көлемі 34 млн теңгені құраған. Айта кетерлігі жыл сайын көлік мекемелеріне берілетін субсидия көлемі артып келеді. Мәселен, 2018 жылы 190 млн теңге субсидия бөлінсе, 2019 жылы бұл сома 320 млн теңгені құраған.

"Осы жылы қалалық бюджеттен субисдияға 1 млрд 215 млн теңге бөлініп отыр. Оның ішінде 19 млн теңге қаражат су көлігіне субсидияға беріліп отыр",- дейді қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары секторы меңгерушісі Алмас Ахошев.

Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, аталған қаражат қоғамдық көлік мекемелерінің бірқатар түйткілді мәселелерін шешуге жол ашады деп күтілуде.

Сондай-ақ биылғы жылы шетелдік инвесторлардың көмегімен Оралда ондаған жаңа автобустар сатып алынады деп жоспарлануда.

Аталған шаралардың барлығы қаладағы қоғамдық көлік мәселелерін шешуге әрі тұрғындардың шаhар ішінде алаңсыз қатынауына сеп болатыны сөзсіз.