Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Орал әуежайы жыл соңында іске қосылады

Оралда әуежайдың терминалын жөндеу жұмыстарына біршама өзгерістер енгізілді. Енді шаhарда терминалға жөндеу жұмыстары жүргізілмей, оның орнына су жаңа әуежай терминалы салынбақ. Бұл туралы Paryz.kz тілшісі хабарлайды.

Орал әуежайы жыл соңында іске қосылады
Фото: Kursiv.kz

Белгілі болғандай, қазіргі таңда әуежай терминалын қайта жөндеу жұмыстарында техникалық қателіктер орын алғандықтан, жоба уақытша тоқтатылған көрінеді. Сондай-ақ, жаңа терминалдың құрылысы биылғы жылдың басында жобаға бірқатар өзгерестір енгізілгеннен кейін, қайта жандандырыла бастаған. Осылайша, оралдықтар әуежайдағы жаңа терминалдың қызметіне жыл соңына дейін жүгіне алады.

Айта кетерлігі құрылыс жұмыстарымен «Қарашығанақ Петролиум Операйтинг» компаниясы айналысуда. Мекеме жыл сайын өңірдегі маңызды нысандарға 30 млн АҚШ доллары мөлшерінде қаражат бөліп келеді. Биылғы жылы аталған қаражат Оралдағы терминал құрылысына бөлініп отыр.

Естеріңізде болса, әуежайды қайта жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталып, оған бастапқы уақытта 1,5 млрд қаражат бөлінген болатын.