Партиялық бақылау комиссиясы ұйымдастырған тексеру барысында бұл дерек расталды.
«Nur Otan»-да ел тұрғындарының түйінді мәселелерін шешу үшін қандай нақты әрекеттер жасалуда? Бүгін партияда осы туралы айтылды. Партия мүшелері – орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары 11 мыңнан астам азаматты қабылдады. Жыл басынан бері еліміз бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 60 мыңнан астам өтініш түсті.
Партияның баспасөз қызметі атап өткендей, тұрғындар «Nur Otan» партиясына түрлі мәселелермен келеді. Олардың арасында жолдың болмауы мен жөнделуіне, аулаларды абаттандыруға, тіпті нұротандықтардың өздеріне де қатысты шағымдар бар.
Мәселен, Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғындары кәсіпкер және «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихаттың депутаты А.Сапаровтың іс-әрекетіне наразылық білдірді. Депутат өзі жекешелендіріп алған «Жиенбай» каналынан өзгелерге су бермей қойған.
Партиялық бақылау комиссиясы ұйымдастырған тексеру барысында бұл дерек расталды. Аудандық филиал Саяси кеңесі бюросының шешімімен партияның Әдеп кодексін бұзғаны үшін А.Сапаров «Nur Otan»-ның қатарынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылды. Облыстық партия филиалының мәліметінше, аудандық прокуратура «Жиенбай» каналын мемлекеттік меншікке алу бойынша сотқа талап арыз бермек.
Ал Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов атындағы ауылда тұрғындар керісінше, облыстық мәслихаттың жергілікті депутатына алғысын білдірді. «Nur Otan» фракциясының мүшесі Мағжан Ералиев өз қаражатына ауылда жаңа спорт алаңын салып, балабақшаға жиһаз сатып алып, зейнеткерлерге тегін қызмет көрсететін әлеуметтік шаштараз ашты.
Осылайша, «Nur Otan» депутаты көлемі 900 шаршы метр болатын балалар ойын алаңын абаттандыруға 15 млн теңге бөлді. Бұқаралық спортты дамыту үшін арнайы «Street workout» жабдықтары, ал бүлдіршіндер үшін көп деңгейлі балалар сырғанақтары сатып алынды. Мұнымен қоса жастар үшін футбол және баскетбол алаңдары бар. Халық қалаулысы ауылдағы балабақшаға жиһаз, секциялық шкафтар, орындықтар мен үстелдер сатып алуға 2,3 млн теңге жұмсады.
Маңғыстау облысының Тұщыбек ауылында мектепке барар жолда балалар терең жыраны айналып өтуге мәжбүр еді. «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты Нұрпейіс Сәрсенбай оқушылар үшін мектепке баратын жолды қауіпсіз ету үшін өз қаражатына жаяу жүргінші көпірін салды.
Шымкентте Абай ауданына қарсты Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары асфальтталған жолдың жоғына шағымданды. Негізгі көшелердің бірінде ауа райы ашық күннің өзінде жүру оңай болмады, ал жаңбыр немесе қар жауғанда бұл жермен жүру тіпті мүмкін емес. Партия мүшелерінің араласуынан кейін аудан әкімдігі жолды жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындады. Бүгінде ұзындығы 7,6 км көшені жөндеу жұмыстары аяқталып, жол пайдалануға берілді.
Таразда «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихат депутаты Жанар Бүркітбаева аты аңызға айналған сұрмерген, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Ыбырайым Сүлейменов атындағы сквердің қайта жаңартылуына демеушілік жасады. Мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері ауыстырылды, ескерткіштер мен қоршаулар боялып, толығымен қалпына келтірілді. Осы жұмыстарға халық қалаулысы 1 млн теңге бөлді.
«Nur Otan» партиясы тұрғындардың өздерін мазалаған мәселелер бойынша Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне мына байланыс нөмірлері арқылы жүгінуге болатынын еске салады:
Сондай-ақ, «Халыққа көмек» жобасы аясында заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен тегін консультативтік онлайн-кездесулер ұйымдастырылған. Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметі» арнайы байланыс орталығы іске қосылды.