Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Менің мақсатым - билікке келу арқылы Қазақстанда бір саяси өзгеріс жасау" - Жанболат Мамай

Сұхбат барысында Жанболат Мамай елін тастап ешқайға кетпейтінін, ел пайдасы үшін жасалатын сүбелі істеріне тоқталып, Байбекпен арадағы жанжалға да түсініктеме беріп кетті.

"Менің мақсатым - билікке келу арқылы Қазақстанда бір саяси өзгеріс жасау" - Жанболат Мамай
Фото: ашық дереккөз

Қоғам белсендісі Жанболат Мамай халықтың қолдауымен Президент тағынан дәмелі екенін мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz.

Бұл туралы ол  "Qasqa Jol" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты. Сұхбат барысында Жанболат Мамай елін тастап ешқайға кетпейтінін, ел пайдасы үшін жасалатын сүбелі істеріне тоқталып, Байбекпен арадағы жанжалға да түсініктеме беріп кетті.

"Әрине, саясатта жүргеннен кейін алдыңа үлкен мақсат қоюың керек. Билікке келмесең сен ештеңе өзгерте алмайсың. Алдыңа жоспар қоймасаң, сол мақсатқа жетудің жолдарын ойластырмасаң онда айналысып керек емес. Кез келген салада болсын алдыңа үлкен мақсат қоя білу керек. Менің мақсатым міндетті түрде Президент болу емес. Менің мақсатым осы елде бір өзгеріс жасау. Билікке келу арқылы Қазақстанда бір саяси өзгеріс жасау. Президент болу ма, Парламентке келу ма, ол жағын енді көре жатармыз. Бірақ елдегі жағдай қандай болады. Мына билік қандай қастандыққа барады, бармайды. Әлде бізден де асып кететін мықты азаматтар шыға ма? Оны уақыт көрсетеді. Осындай бәсекелестікте, адал бәсекеде халық қолдап, даусын беріп, биікке көтеріп жатса ел үшін қызмет етуге дайынбыз" - дейді ол