Айта кетерлігі субұрқақтарды жөндеу жұмыстарына үш жылға 63 миллион теңге бөлінген болатын.
Оралда биыл жазда бірнеше субұрқақ жөнделетін болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Сырым Датұлы алаңындағы субұрқақ толығымен жөндеуден өтті, оған тек әуенді қосу жұмысы қалды. Субұрқақ 15-ші шілдеде қосылады деп жоспарланып отыр. 15-ші қыркүйекте Назарбаев даңғылындағы облыстық сот жанындағы субұрқақ пен Пугачев алаңындағы субұрқақ қосылады. Сол сияқты 1-ші шілдеден бастап Батыр қыздар алаңындағы субұрқақтар жөндеуге жабылатын болады. Ол да қыркүйек айының 15-інде іске қосылады деп күтілуде",-деді қалалық әкімдік өкілдері.
Айта кетерлігі субұрқақтарды жөндеу жұмыстарына үш жылға 63 миллион теңге бөлінген болатын. Бүгінде олардың 21 миллионы жұмсалып үлгерген.