Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Отан отбасынан басталады

Ағымдардың негізгі мақсаты да халық арасында осындай ой-түсінік қалыптастыру және өздерінің жұмыстарын осы бағытта жүргізу.

Отан отбасынан басталады
Фото: ашық дереккөз

Иә,  Отан отбасынан басталады. Бұл жай  сөз емес,  астары тереңде. Отбасының бір ғана мүшесі сыртқы ықпалдың, яғни теріс діни ағымдардың тұзағына түссе, оның қателігі отбасының ойрандалуына, әулеттің әбігерге түсуіне, үлкейе келе бүкіл мемлекеттің құлдырауына, тіпті, құлауына алып келуі мүмкін. Міне, отбасынан басталған кикілжіңнің Отанға әсер етуінің түбі осында, мысал да жетерлік.

           Деструктивті діни ағымдардың мақсаты жекелеген адамдарды өздеріне тарту арқылы тобын көбейтіп, қатарын толықтыру арқылы мемлекеттің билігіне жету екендігі белгілі. Сол үшін де олар халықтың арасына іріткі салумен айналысып келеді және өз әрекеттерінен бас тартқан емес. Зерттеуші-ғалымдар мен дінтанушы-мамандар зерттей келе осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл – анық тұжырым. Олардың көздегені халықты соңынан ерту. Қарапайым халық  діни теріс ағымдардың әрекетін, олардың түпкі мақсатын дұрыс түсінгені абзал. Мысалы үшін теріс ағымдар заң орындарына, құқық салаларына қарсылық танытады деген қате түсінік бар. Олар заң орындарының заңсыздықтарына қарсы, халықтың мүддесін ойлайды деген жел сөз бен қауесет әңгімелер халықтың ойын шатастырды.

Ағымдардың негізгі мақсаты да халық арасында осындай ой-түсінік қалыптастыру және өздерінің жұмыстарын осы бағытта жүргізу. Исламның құндылықтарын жамылып, өздерін жақсы көрсету. Олардың қулығына құрық бойламайды. Өз діттегенін жүргізуде өте әккі.

Исламның атын жамылған деструктивті ағымдардың кесірінен қаншама мемлекет құлады, халқы босып кетті. Нақты мысал келтірер болсақ, Сирия (Шам) қандай мемлекет еді?! Мәдениеттің ошағы, білімнің ордасы емес пе еді? Әлемнің екінші ұстазы саналатын ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби білім іздеп, сол жерден дүниенің құпиясын ұғынып, сан салада жаңалық ашты ғой... Одан кейінгі ақылмандар да сол жердегі білімнен сусындап, білген-түйгенін әлемге таратқан еді. Өркениеттің ордасы болған Шам елі (Сирия) қазір қандай күйде? Шаңырағы ортасына түсті. Мұндай күйге жеткізген ислам дінін жамылған арам пиғылдылар. Бір сәт ойланып қараған адам көп нәрсеге көз жеткізер еді.

БҰҰ-ның мәліметі бойынша бұл елде 400 мыңнан адам қайтыс болып, 5 миллионға жуық адам елден кетіп қалған. Қақтығыстар әлі де жүріп жатыр. Елден тыныштық, жұрттан береке кетті.  2014 жылдары біздің елімізден де Сирия мен Ираққа 2550 адам кетіпті. Олардың 1130 сол барған жерінде ажал құшыпты. Сүйектерінің қайда қалғаны белгісіз. Көмусіз қалды. Іздеген бақыттың жемісі осы ма? Мемлекеттік «Жусан» операциясы арқылы адасқан жерлестеріміздің 524-і елге жеткізілді. Олардың 357-сі кәмлетке толмаған балалар. Елге жеткізілген жерлестеріміз қазіргі уақытта жазасын өтеуде, балалар оңалту орталықтарында.

Мемлекет өз азаматтарын қамқорлығына алып отыр, бірақ жасалған қателіктің жазасы өтелуге тиіс. Білмей қалып жасалған қателік жазадан ақтамайды. Осы қателікке ұрындырып, адасуға апарған  исламның атын жамылған теріс діни ағымдар. Әрине, олар жоғарыдағы адам санын бірден жинап ала қойған жоқ. Әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізгені және ұзақ уақыт өздерінің құрбандығымен айналысқаны анық. Бір-бірден тартқан адамның саны мыңдаған адасқандардың қатарын толықтырған.

Сондай-ақ 2014 жылы басталған Йемендегі азаматтық соғыстың аяғы 150 000 адамның өліміне, 5 миллионнан астам халытың  басқа елдерге бас сауғалап, босқын болуына әкелген. Ақпарат көздеріне сүйенсек, осы бүліншіліктің қақ ортасында Зайдизим деп аталатын діни ағым тұр. Олар да  сыбайлас жемқорлыққа қарсы демонстрациялардан бастаған. Жоғарыда айтқанымыздай халықтың қамын ойлағансып,  соңынан ерткен. Нәтижесінде халықтың өзі  зардап шегіп отыр.  

              Діни ағымдардың ұстанатыны өз құрбандықтарын қоғамға қарсы қою. Адасқандар өздерін дұрыс жода жүрміз деп ойлайтындай санасын улау. Басқаға жеккөрінішін туғызу. Әсіресе, этникалық тұрғыда жүргізітен саясаты елдің ынтымағын бұзып, бірлігіне ірткі түсіру. Бұл тұрғыдан да өзге елдің өмірінен мысал табылады. Ол – Оңтүстік Судан елі. Оңтүстік Судандағы азаматтық соғыс 2013 жылдың 14 желтоқсанында басталған. Билікті басып алу үшін төңкеріс жасаған.  Екі этникалық топтың арасында тұтанған кикілжің  бүкіл елге таралған қақтығыстар тудырды. Этникалық қақтығыстар кесірінен  осы уақытқа дейін 2 миллион босқын ел кезіп кетті. Олардың ішінде 1 миллионнан астам бала қатты аштық қаупіне ұшырады.

           Деструктивті теріс ағымдар кез келген жағдайды өз мүдделеріне пайдаланады. Халықтың зардабына, көпшіліктің қиындығына, жазықсыздардың қырғынына олар селт етпейді. Олар үшін ең бастысы от тұтанса, соны үрлей түссе, сөйтіп өздері билікке жетсе деген мақсат қана бар. Саясаттанушы, дінтанушы, басқа да мамандар мен ғалымдардың тұжырымынша олардың артында үлкен күш тұр. Ол күш елді ірітуді ғана ойлайды. Сондықтан әр қадамды ойланып, әр әрекетке зер салып жүрген ләзім.

         Шаңырағы шайқалған елдерден мысал келтіру арқылы өз отандастырымыз бен қандастарымыз, жерлестеріміз, бауырларымыз қателікке ұрынбаса дейміз. Мемлекеттің бұл салада жүргізіп отырған саяаты да осы. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың ұйымдастырып отырған іс-шараларының аясы да қала халқын арандатушылардан сақтау. Қауіптің алдын алу. Сақ болайық! Сақтанайық!

Еділ АНЫҚБАЙ