Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қарағандыда шахтердің өкшесін вентилятордың қалақтары жұлып кетті

Кенші жұмысқа кіріскен кезде, сол аяғымен байқаусызда насостың электр қозғалтқышының айналып тұрған вентиляторының қалақтарын басып кетіп, өкшесін тұтастай жарақаттап алған.

Қарағандыда шахтердің өкшесін вентилятордың қалақтары жұлып кетті
көрнекі фото

Қарағандыда "АрселорМиттал Темиртау" АҚ Қазақстандық шахтасындағы кен қызметкерінің бірінің өкшесін вентилятордың қалақтары жұлып әкетіп, ер адам аяқтың ашық жарақатымен ауруханаға түсіп қалды, деп жазады Liter.kz.

Басылымның мәліметінше, шахтерге таспа конвейерлеріне техникалық қызмет көрсету туралы тапсырма берілген. Аталған құрылғыны тексеру барысында жұмысшы көмір конвейерлік жиындысынан суды тазартып, су жинақталған тұстардың барлығын тазартып шығу керек болған. Кенші жұмысқа кіріскен кезде, сол аяғымен байқаусызда насостың электр қозғалтқышының айналып тұрған вентиляторының қалақтарын басып кетіп, өкшесін тұтастай жарақаттап алған.

Әріптесінің жанұшырған дауысын естіген шахтерлер тез арада ер адамға келіп, көмек берген. Оқиға орнына дәрігерлер жетіп, олар зардап шегушіні ауруханаға жеткізген. Кеншіге сол жақ аяқ сүйегінің ашық жарақаты, сондай-ақ өкшесінің кең таралған-скальперленген жарасы диагнозы қойылды.