Жалпы, қол беріп амандасу коронавирус індеті тараған тұста да көтерілген болатын.
Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов қол беріп амандасу жайлы пікірін айтты.
«Қазақтың табиғатында, тарихында, өмірде қол алыспаған. Тек қана кездескен уақытта иіліп қана сәлем береді. Сондай көркем, мәні терең. Мұның астарында сыйластық та, құрмет те жатыр. Жүрегіңді қолыңмен ұстап сәлем беру біздің тарихи, қазақтың байырдан келе жатқан жай ғана түсінігі емес, осылайша сәлем берудің әсемдік жағы жатыр», - деп жазды ғалым.
Академик қол беріп амандасудың қажеті жоқ деп есептейді.
«Қол беріп, қалай болса солай бара салу деген – ол тым дөрекі. Қолды қай кезде береді? Қазақта ертеректе қолды үлкен адам өзі ұсынса ғана береді. Ал жөні жоқ қол алысу деген біздің тарихымызда, табиғатымызда болмаған жағдай.
Қол ұстасып сәлем берудің қажеті жоқ. Біздің тарихымыздың инабаттық көрінісін жаңғыртуымыз керек. Ол дәл осы кезеңге сай келіп отыр», - дейді Төрегелді Шарманов.
Жалпы, қол беріп амандасу коронавирус індеті тараған тұста да көтерілген болатын. Көпшілік пандемия кезінде қолды кеуде тұсына қойып амандасу - нағыз гигиена екенін айтып, індеттің таралуына жол бермеуге шақырды.
Мәселен, профессор Жамбыл Артықбаев қол беру қазақ арасында үш жағдайда қолданылатынын айтқан: