Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстан халқы Ассамблеясы жастары ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Акцияға сонымен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қозғалысының және этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары, "Жарасым", "Қазақстан жастарының Конгресі", "Ұлан-Ғайыр Дала Елі" жастар ұйымдарының, "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жастары ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Дереккөз: inform.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының белсенділері 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында, айрықша акция ұйымдастырып, соғыс және еңбек ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, этномәдени бірлестіктердің ардагерлерін мерекемен құттықтап қайтты. 

Атап айтқанда, белсенді жастар Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері Фаина Шкуркомен кездесті. Айта кетерлігі, Фаина Мартыновна тылда еңбек етіп, Белоруссияны оккупацияауды басынан өткерген. Қария Қазақстанға 50-ші жылдары тың игеруге келіп, сол уақыттан бастап өмірін Қазақстанмен мәңгі байланыстырған. «Біз соғысты бастан өткердік, мұндай алапат соғыс адамзат баласының басынан кешірген ауыр трагедиясы екенін барлығымыз білеміз. Барлық жас қазақстандықтарға еліміздегі бірлік пен татулықты сақтауды тілеймін.

Сіздер біздің Тәуелсіздігімізді нығайтып, ел үшін жауапкершілікті аға буыннан өздеріңізге алып, ел ертеңі мен бейбіт өмір үшін аянбай еңбек етулеріңіз керек», - дейді Фаина Шкурко.

Сондай-ақ акцияға қатысушылар Ассамблея ардагері, Қазақстандағы ұлттық орталықтардың бірінші басшыларының бірі Салман Героевтің үйіне барды. Салман Героев 1944 жылы, яғни бала кезінде Вайнах депортациясының ауырлығынан басынан өткеріп, одан аман қалған. Оның отбасы Қазақстанға Шешен-Ингуш АССР-нен келген мыңдаған тұрғындарының қатарында болған. Ардагер жастарға шешен ұлтын қазақ халқы асқан қонақжайлылықпен қабылдағаны туралы айтып, жергілікті халықтың оларды өгейсітпей, керісінше, дастархандағы барымен бөлісіпі, бауырына басқанан айтты.

1990 жылдың мамыр айында ол «Вайнах» алғашқы қалалық ұлттық орталықтарының бірін басқарып, кейіннен жаңа қала, елордасы астананың құрылысына белсене қатысқан. Қазақстан Халқы Ассамблеясы жастары еліміздің жаңа астанасының қалыптасуына елеулі үлес қосқан тағы бір еңбек ардагері Рафаил Аблаковқа барды. Ол Солтүстік Қазақстан облысы Володаровка ауылында дүниеге келген. Соғыс ардагері Алматы халық шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін, Целиноградта еңбек жолын бастаған. Астананы көшіру кезінде қаланың маңызды Құрылыс және әлеуметтік нысандарын салуға атсалысқан. Ақсақал «Астана-Инжстрой» компаниясын басқара отырып, қаланың басты көрікті орындарының біріне айналған Есіл өзенінің жаңа жағалауының құрылысына да белсене қатысып, құрылыс жұмыстарына жетекшілік еткен.

Құрметті демалысқа шыққаннан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан татарлары мен башқұрттары Конгресінің қызметіне белсенді қатысқан.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының осындай акциялары 9-мамыр Жеңіс күнінде еліміздің барлық аймақтарында, республика бойынша өтіп жатыр.

Мәселен осы жылдың наурыз айында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жаңғыру Жолы" жастар қозғалысының белсенділері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне "Шежіре күні" және "Ардагерлерді ардақтайық" атты іс-шаралар легін ұйымдастырған болатын. Еске саларлығы, бүгінгі таңда Атырау қаласында үш Ұлы Отан соғысының ардагері: Тұраш Көптілеуов, Зәкәрия Сұлтанов және Айдын Айбаров тұрады. Олардың ең үлкені шамамен 100 жаста болса, ал ең кішісінің жасы 95-те. Солардың бірі - соғыс ардагері Тұраш Көптілеуов 18 жасында майданға аттанып Беларусь майданында соғысқан. Ал, Зәкәрия Сұлтанов Кеңес Одағын азат ету ұрыстарына 3-ші Белорусь майданының 31-ші армиясының 131-ші атқыштар дивизиясының шаңғы батальоны құрамында, сондай-ақ 3-ші Белорусь майданының 191-ші атқыштар дивизиясының 491-ші Немендік атқыштар полкі құрамында қатысқан. Жастар ардагерлермен әңгімелесіп, тағылымды кездесуден кейін олардың ерліктері туралы әсерлерімен бөлісті. «Олардың ерлігі біз үшін қашан жа бағалы. Ардагерлерге дендеріне саулық пен отбасыларына амандық тілейміз»,-дейді Ассамблея Жастар қозғалысының белсендісі Қуаныш Юсупов. Ол сондай-ақ Ассамблея атынан ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының бастамасымен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев монументінде еске алу акциясы өтті. Аталған акцияға республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары да қатысты. Олар Жастар ескерткіштің етегіне гүл шоқтарын қойып, қазақстандық батыр Рақымжан Қошқарбаев пен Ұлы Отан соғысының барлық қатысушыларын және тыл еңбеккерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды. "Біз бақытты ұрпақпыз, өйткені біз сол жылдардағы алапат соғысты көрмедік, ол жайлы тек ардагерлердің әңгімесінен естіп, біліп отырмыз. Жалпы әлемде соғысқа жол бермес үшін, бейбітшілік пен келісімді бағалау қаншалықты маңызды екенін де түсінеміз. Қазір біз тарихымызды өскелең және болашақ ұрпақ үшін сақтауымыз керек, олар сол оқиғалар туралы оқулықтардан ғана біле алады", - деп атап өтті акция қатысушылары.

Акцияға сонымен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қозғалысының және этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары, "Жарасым", "Қазақстан жастарының Конгресі", "Ұлан-Ғайыр Дала Елі" жастар ұйымдарының, "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, биылғы жылдың мамыр айы - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Халық бірлігі мен қоғамдағы келісім тақырыбына арналып отыр. Сондықтан, мереке қарсаңында жастар көшбасшылары өз құттықтауларын, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлеріне де жолдады.