Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қазақстанда мыңнан аса адам із-түссіз жоғалған

Қазақстанда 1200 адам із-түссіз жоғалғандар санатында тұр, деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қазақстанда мыңнан аса адам із-түссіз жоғалған
Фото: mk-kz.kz

«Қазрігі уақытта 1200 адам із-түссіз жоғалғандар санатында тұр. Оның ішінде 22 бала бар. Әсіресе ер адамдар көбірек жоғалады, бұл олардың өзге өңірлерге қызметтік іссапарларына, маусымдық жұмыстарына және көлік тасу, жүк тасу сынды түрлі рейстеріне байланысты», - деді департамент басшысы министрлік ұйымдастырған апталық брифингте.

Оның айтуынша, әйелдер арасында көп жағдайда спирттік ішімдікке салынғандар жоғалады.

«Тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан жасөспірімдер де жоғалады. Онда ата-анамен ренжісу, олардың үнемі спирттік ішімдік ішкені үшін ұрысу негізгі себеп болуы мүмкін», - деп түсіндірді Д. Таев.

Тәжірибеге сәйкес, 100 оқиғаның шамамен 80-інде жоғалған азаматтар табылады және туыстарына оралады.

«Ірі қалаларда жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға үгіттейді және сексуалдық қызмет көрсетуге мәжбүрлейді. Еңбекті қанау бойынша азаматтарды сыртқа алып шығып, ауылдық жерлерде еңбек етуге көндіреді. Мұндай қылмыстар барлық облыстардан анықталады», - деді Думан Таев.