Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Табиғатты аялау – адамзатқа ортақ іс

Бүгінгі қоғамда уралаған ұран сөздің басым болып жүргені жасырын емес.

Табиғатты аялау – адамзатқа ортақ іс

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы консультативті-кеңесші орган болып табылатын Діни бірлестіктер көшбасшылар клубы мүшелерінің қатысуымен Алатау ауданы «Томирис» ықшамауданында экологиялық акция өтті. 
              Табиғаттың көріктілігі адамға көтеріңкі көңіл сыйлайды. Таза ауа бойыңа қуат, жаныңа шуақ төгеді. Ауланың, көшенің, жалпы қаланың ұқыпты, ретті болуы да адамның мейірімін арттырып, мейманасын тасытады. Саф ауа, тамаша табиғат, көрікті көше, абатты аула, әсем қала бәріміз үшін маңызды. Алматы халқының бәріне ортақ ұстаным осы... Кімнің жақсы жағдайда тұрғысы келмейді дейсіз?! Кез келген адам жақсы жағдайды қалайды? Қандай ұлт, қай халық, қандай дін, қай сенімде болмасын адам баласына ортақ нәрсе – тазалық, әдемілік пен тамаша табиғат. Осындай ортақ дүниелердің дұрыс болуы үшін адам әрекет ету керектігін де бәрі біледі. Табиғатты аялау, оны сақтау, ауаға зиян келтірмеу, экология тудырмау, қаланы ластамау –  барлық адамға, нақтырақ айтқанда, қала халқына, Алматы тұрғындарына бірдей талап. Бұл талапты ешкім мәжбүрлеп істетпейді. Көзі ашық, көкірегі ояу адам бұл талаптың өзі үшін, денсаулығы үшін, өз ұрпағының болашағы үшін қажеттігін түсінеді ғой. Осындай ортақ нәрсе адамды бір-біріне жақындатады. Осындай ортақ мүдде азаматтарды табыстырады. Осындай ортақ әрекет әртүрлі конфессияның, дін өкілдерінің сыйластығын арттырады.  Бұл айтып отырған ойымызды дәлелдеп жатудың еш қажеті жоқ шығар. Өйткені бұл белгілі нәрсе. Оған асқан ақыл, тым биік білгірлік қажет емес және қарапайым ғана нәрселер. Ең бастысы сылдыр сөзбен ғана шектелмей, нақты іспен көрсеткенде ғана нәтиже шығады. 
Бүгінгі қоғамда уралаған ұран сөздің басым болып жүргені жасырын емес. Алматы қаласы Дін істері басқармасы осы олқылықтардың орнын іспен толтырып жүргеніне мысал көп. Әсіресе, сан түрлі ұлыстар мен ұлт өкілдері, әрқандай діни бірлестіктер мен конфессиялар бар Алматы сынды алып қалада бірліктің бірізділігі бірінші орында тұруға тиіс. Осыны ескерген Дін істері жөніндегі басқармасы түрлі іс-шараларға мұрындық болып жүр. Әріден тарқататын болсақ, діни бірлестіктер мен конфессиялардың өзара сыйластығы мен құрметін арттыру үшін діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы құрылған. Клуб төрт жылдан бері жұмыс істеп  келеді. Бұл жобаның аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.  Соның бірі биылғы жылдың  5 мамыры күні Алматы қаласы Діни бірлестіктер көшбасшылар клубы мүшелерінің қатысуымен сенбілік өтті. Бұл экологиялық акция Алатау ауданы әкімдігінің қолдауымен және «Social Development Center» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен болды. Қор қызметкері Нұрислам Оразалыұлы экоакцияның барысы туралы айтып берді: «Мұндай іс шара бірінші рет өтіп отырған жоқ. Төрт жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Мысалы үшін былтырғы жылы конфессия жетекшілері мен өкілдерінің қатысуымен осы ауданда ағаш отырғызылған болатын. Осы жолы «Томирис» ықшамауданындағы «БЕНТ» су қоймасының айналасындағы қоқыс тазаланды. Олар бір-бірін танып қалды. Жетекшілері ғана емес әр бірлестіктің мүшелері, жамағатыда жүзтаныс, көзтаныс  болып қалды. Мұндай іс-шаралармен ғана шектелмейміз. Спорттық жарыстар болып тұрады. Қала сыртындағы мәдени орталықтарға да саяхат жасап тұратынымыз бар. Осындай іс-шаралардың, қарым-қатынастардың, араласудың арқасында олар етене жақын болып қалды. Түрлі конфессиялардың өкілдері екендіктерін бір қарағанда ажырата алмайсың. Міне, бұл біздің дұрыс әрекеттің арқасында көрген нәтиже деуімізге болады. Алдағы уақытта да іс-шаралар жоспарлап отырмыз. Олардың қай жерде, қандай форматта болатыны талқылану үстінде»
        Жоғарыда айтқанымыздай адам баласына ортақ игілік түрлі сенімдегі адамдардың сыйластығын арттырады. Оған конфессия жетекшілері мен өкілдерінен құрылған клуб жұмыстары куә. Осы істердің басы-қасында Алматы қалалық Дін істері жөніндегі  басқармасы мен оның басшысы Нұрлан Қиқымовтың жүргендігін айта кетуіміз керек. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген емес пе?! Экоацияның соңында Нұрлан Қиқымов конфессия жетекшілерінің басын қосып, жиналыс өткізді. Қазақстан секілді ортақ үйге, Алматы сынды қасиетті шаңыраққа үлес қосқандары үшін діни бірлестіктерге алғыс білдірді. Бұл іс-шара бірлік пен ынтымақтың орнай түсуіне, әртүрлі дін өкілдерінің сыйластығы мен құрметін арттырған тағы бір игі іс болды. Игілікті істе бірлігіміз жараса берсін!    
                                                                              Еділ АНЫҚБАЙ