Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елімізде асыраушысынан айырылу бойынша берілетін жәрдемақы көлемі қандай?

Егер, жәрдемақы алушы жыл сайын өзінің жұмыс істемейтіні туралы еңбек кітапшасын ұсынса, асыраушысынан айырылу бойынша зейнетақы есептеледі.

Елімізде асыраушысынан айырылу бойынша берілетін жәрдемақы көлемі қандай?
Дереккөз: 24.kz

Қазақстанда әлеуметтік осал топтарды жан-жақты қолдау тұрғысынан көптеген игі бастамалар қолға алынуда. Мәселен елімізде жыл сайын зейнетақы мен жәрдемақы көлемі ұлғайып, материалдық көмекке мұқтаж жандарға ай сайын, уақтылы жәрдемақы беріліп тұрады. Республикада асыраушысынан айырылған отбасылар да мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыға қол жеткізе алады. Асыраушысынан айырылған отбасы мүшелеріне аталмыш жәрдемақы қалай беріледі? Оған кімдер жүгіне алады? Жәрдемақыны қалай алуға болады және бұл үшін не қажет? Материалдың бүгінгі санында осы тақырыпты кеңінен тарқататын боламыз.

Көптеген азаматтар әлеуметтік қамсыздандырудың басым бөлігі тек зейнетақымен қамтамасыз етуге жұмсалады деп ойлайды. Алайда көргеніміздей, салық аударымдарының біразы азаматтарды отбасының асыраушысы айырылған жағдайда оларды қамтамасыз етуге жұмсалады. Мұндай әлеуметтік кімдер ала алады деген сауалға келер болсақ, қайтыс болған азамат асырап отырған отбасы мүшелері деп айтатын едік. Нақтырақ айтсақ жұмысқа қабылетсіз отбасының келесі мүшелері ала алады: кәмелетке толмаған балалары мен немерелері, аға-інілері немесе апа-сіңлілері, сондай-ақ кәмелет жасына толған мүгедек туысы. Бұл ретте азаматтардың бұл санаттары өзге төлемдерді, мысалы, алименттерді алмауға тиіс; Зейнеткерлер бойынша қарастырсақ, яғни анасы, әкесі, күйеуі немесе әйелі, сондай-ақ қайтыс болған адамның балаларын күтіп-бағатын жұмысқа тұрмаған жақын-туыстарының бірі ала алады. Бұл ретте балалардың жасы сегіз жастан аспауы тиіс және қосымша табыссыз зейнеткерлер санаты ескерілетін болады. Сонымен қатар, Қазақстанда асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы келесі тұлғаларға төленеді.

Атап айтқанда, орта немесе жоғары оқу орнында оқитын 23 жасқа дейінгі студенттерге (төлемдер оқу аяқталғанға дейін), қайтыс болған адамның есебінен тұратын жақын-туыстарына төленеді. Марқұмның кәмелетке толмаған балалары үшін берілетін жәрдемақыны олардың заңды өкілі - қамқоршылары алады. Сондай-ақ, асыраушысы хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдарға әлеуметтік көмек қажеттігі және бұл фактіні сот анықтайтынын ескеру қажет.

Асыраушысынан айырылу бойынша берілетін жәрдемақы қандай жағдайда берілетінін талқылап көрсек. Егер, заң бойынша сіз мемлекеттен осындай көмекке ие адамдар санатына жататын болсаңыз, онда қажетті құжаттарды жинақтау қажет. Асыраушысынан айырылу – бұл отбасы үшін ауыр соққы болып табылады. Сондықтан, оның мүшелеріне қажет нәрсенің бәрін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек қажет. Зейнеткерлер өмір бойы көмекке жүгіне алады, ал еңбекке жарамсыз тұлғалар басқа табыс көзін таппайынша, сол кезеңге ғана жүгіне  алады.

Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны алу үшін келесі құжаттарды жинақтау қажет. Төлқұжат немесе жеке куәлік, толтырылған өтініш, асыраушысының қайтыс болғанын растайтын сот шешімі, отбасылық жағдайын растайтын құжат. Қосымша (бар болса) ұсыну қажет, соның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан, студенттерге арналған оқу орындарынан, қайтыс болғандардың әскери қызмет өткеруі туралы тиісті анықтамалар талап етілуі мүмкін.

Сонымен қатар, әскери, ішкі істер, Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің қаза болуы туралы құжаттарды растау қажеттігі туындауы мүмкін. Егер, жәрдемақы алушы жыл сайын өзінің жұмыс істемейтіні туралы еңбек кітапшасын ұсынса, асыраушысынан айырылу бойынша зейнетақы есептеледі. Сондай-ақ, студенттерге жыл сайын оқу орнынан жаңартылған анықтаманы ұсынуы қажет. Төлемдерді ресми түрде сайтта онлайн форматта ресімдеуге болады (egov.kz), ол үшін үкімет порталында тіркелу қажет.

Асыраушысынан айырылу бойынша берілетін жәрдемақыны қалай есептеу керек және әлеуметтік жәрдемақы ретінде қандай сома қажеттігіне тоқталып өтсек. Бұл үміткерлердің санына және ең төменгі күнкөріс деңгейіне тікелей байланысты болып табылады. Бүгінгі күні Үкімет 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті қабылдады. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық ең төменгі күнкөріс мөлшері 34 302 теңгені құрайды. Әлеуметтік көмекке үміткер отбасының барлық мүшелеріне мемлекет бір соманы төлейді.

Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшерін қалай білуге болады? Ол үшін әрбір мүгедек адам санын төлем коэффициентіне көбейту керек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында мынадай деректер келтірілген:

- 1 адам үшін - 34 302 × 0,86 = 29 500 теңге;

- 2 адам үшін — 34 302 × 1,49 = 51 110 теңге (25 555-тен);

- 3 адам үшін — 34 302 × 1,85 = 63 459 теңге;

- 4 адам үшін— 34 302 × 1, 96 = 67 232 теңге;

- 5 адам үшін - 34 302 × 2,03 = 69 634 теңге;

- отбасының 6 және одан көп мүшесі үшін - 34 302 × 2,11 = 72 378 теңге.

Қуантарлығы мемлекет тарапынан асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының, оған мұқтаж адамдарға үздіксіз беріліп келе жатқандығы болып отыр.