Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 жылдамдықпен соғады.
Синоптиктер бейсенбі, яғни 6 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстанның солтүстік аймақтарына циклон жырасы әсер етеді, соған байланысты аздаған жаңбыр жауалы. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Тек батыс пен шығыста антициклон ықпал ететіндіктен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, солтүстігінде тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында қатты дауыл соғады, бұршақ болуы ықтимал», - делінген синоптиктер хабарлаасында.
Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан, Қызылорда, түнде Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл болады.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.