Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елордалық полиция кеме үстінде кеш ұйымдастырғандарды іздестіріп жатыр

Полиция мен медициналық дәрігерлер Нұр-Сұлтанда Есіл өзеніндегі кемеде кеш ұйымдастырған адамды іздестіруде. Кеме үстінде ұйымдастырылған кешті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Видеода жастардың әуенге билеп, көңіл көтеріп жатқанын көруге болады. Оол жерде шамамен отызға жуық адам жүр. Бұл туралы  Sputnik хабарлады.

Елордалық полиция кеме үстінде кеш ұйымдастырғандарды іздестіріп жатыр
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Куәгерлердің айтуынша, демалушылар карантиндік шектеулерге қарамастан белгіленген маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты ескермеген.

Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев карантинді бұзушылар аладғы уақытта табылып, жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Бұл факт бойынша көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік басқармасы көлік полициясының желілік дирекциясымен бірлесе отырып, видеода көрсетілген адамдарды анықтау үшін тексеруді бастады. осы мақсатта кеме кәсіпкерлігінің басшыларын полиция куәлік беруге шақырып та үлгерді", - дейді Байтанаев.

Ержан Байтанаев карантинді бұзған барлық жеке және заңды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді бұзу бойынша) жауапқа тартылатындығын түсіндірді. Тәртіп бұзушыларға үлкен көлемде айыппұл салынады.