Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Жайық өзенінде тағы да балық қырылып жатыр

Сумен бірге жағаға балықтар шығып қалған.

Жайық өзенінде тағы да балық қырылып жатыр

Осыдан бірер күн бұрын Атырау облысындағы Бесікті ауылының іргесінде Жайық өзенінің тасуынан пайда болған көлшікте балықтардың қырылып жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын. Жергілікті тұрғындардың тірі балықты қаппен жинап алған. Экология министрлігі аталған жайтқа байланысты түсініктеме берді.

Министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраеваның айтуынша, 2 мамыр күні Жайық өзенінің тасуы салдарынан Безымянное жайылмалы көлі жағалауынан асып, жақын сағаларды шайып кеткен. Сумен бірге жағаға балықтар шығып қалған.

«Бұл жағдай туралы өзара шұғыл іс-қимыл әрекетіне сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдар, оның ішінде жергілікті атқарушы орган хабар берілді. Балық ресурстарын сақтау жұмыстарына 10 инспектор, жергілікті тұрғындардан 40-қа жуық адам, әкімдіктің 3 бірлігі автокөлігі, инспекцияның 4 бірлік темір тұлпары жұмылдырылды. Нәтижесінде 3 тоннаға жуық балық құтқарылды, ал 470 кг өлі балық жерге көмілді. Ауыр техниканың (трактордың) көмегімен жасанды канал қазылды, ол арқылы балықтармен су қайтадан өзен арнасына жіберілді. Су әлі тасыпжатыр, ал балық ресурстарын құтқару жұмыстары жалғасуда», - деп жазды С.Ибраева өзінің Facebook-парақшасында.

Көлге келіп быжынаған балықты жапа-тармағай қолмен аулап жатқандар толастамай тұр. Ескертуге құлақ аспайтын тұрғындарды жергілікті әкімдік жауапқа тартып, айыппұл саламыз деп отыр. Уылдырық шашуға келген балықтарды аулауға тыйым салынған.